Page 293 - indexf
P. 293

гидратациясы) және бұл екі жағдайдың комбинациясы, яғни жоғары
температура кезіндегі қарқынды бұлшық ет жұмысы (терможұмыс
дегидратациясы). Дегидратацияның әртүрлі формалары организмнің
түрлі жүйелері мен ұлпалары қызметінің біркелкі емес өзгерістерін
тудырады.

    Жұмыс дегидратациясы кезінде дене жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуі ерекше байқалады. Айтарлықтай жұмыс дегидратациясы
әсіресе, жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
орындалған тек ұзақ (30 мин. аса) және жеткілікті қарқынды жаттығу
(субмаксималды аэробтық қуаттылықты) кезінде дамиды. Ауыр,
бірақ қысқа мерзімдік жұмыс кезінде тіпті, жоғары ауа температура-
сы мен ылғалдылығы жағдайының өзінде соншалықты айтарлықтай
дәрежеде дегидратация дамып үлгермейді.

    Дене температурасын организм үшін жарамды мөлшерде ұстап
тұру суды сақтауға қарағанда маңыздырақ. Күшті тер бөлінумен қатар
жүретін ұзақ ауыр жұмыс кезінде денеде үлкен су тапшылығы туын-
дауы мүмкін. Мысалы, марафоншылар ыстық жағдайларда жарыс
кезінде термен 6 л-ге дейін су жоғалтуы мүмкін. Тіпті, арақашықтық-
та сұйықтық қабылдау арқылы жоғалған суды толықтырып
отырғанның өзінде, марафоншылар жалпы су мөлшерінің 13-14%-
ын жоғалта отырып, дене салмақтары орта есеппен 5%-ға, ал шекті
жағдайларда 8%-ға төмендейді. Бұлшық ет жұмысы нәтижесінде
жалпы судың жоғалуын осы аралықта ішілген суды ескере отырып,
дене салмағын жұмысқа дейін және одан кейін салыстыру арқылы
оңай бағалауға болады.

    Судың көп мөлшерін жоғалтқан адам ыстыққа төзімсіз келеді,
оның жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Тіпті, суды жоғалтудан дене
салмағының 1-2% азаюының өзі дене жұмыс қабілеттілігін (әсіресе,
жаттықпаған адамдарда) төмендетеді. Дегидратация жағдайында
организм дене температурасын нашар реттейді, сондықтан бірдей
жүктеме кезінде қалыпты гидратация тән тұлғаларға қарағанда, дене
салмағын 3-4%-ын жоғалтқан сусызданған адамдардың дене темпе-
ратурасы жоғары болады (58-сурет).

    Жұмыс кезінде неғұрлым дегидратация дәрежесі жоғары болса,
соғұрлым дене температурасы жоғарырақ келеді. Дене салмағының
3%-ы жоғалуымен жүретін дегидратация кезінде тер бездерінің
белсенділігі төмендейді.

           293

⇐ МАЗМҰНЫ
   288   289   290   291   292   293   294   295   296   297   298