Page 294 - indexf
P. 294

Дегидратацияның барынша жағымсыз салдарының бірі қан
плазмасы көлемінің азаюы болып табылады. Дене салмағының 4%
жоғалуымен жүретін жұмыс дегидратациясы кезінде плазма көлемі
16-18% төмендейді. Сәйкесінше қан айналымдағы қан көлемі азая-
ды, бұл систолалық көлемнің төмендеу салдары ретінде веналық
қайтарылудың азаюына әкеледі. Систолалық көлемді өтеу үшін
ЖЖЖ жоғарылайды.

Дене температурасы ЖЖЖ, екп/мин                                                           ЖЖЖ  1
                                                                                                2
                                 160
                                 140
                                 120
                                 100
                                  80

                                 39  Дене температурасы                                        1

                                                                                               2

                                 37

               0 30 60 90 120

                                                             Жұмыс уақыты, мин

58-сурет. Дегидратацияның велоэргометрде 2 сағаттық жұмыс кезінде
  ЖЖЖ мен ректалды температураға ықпалы (Я. М. Коц бойынша):
  1 – дегидратация кезінде;
  2 – қалыпты жағдай кезінде

    Қан плазмасы көлемінің төмендеуінің басқа салдары жүрекке
көп күш түсіретін және оның қызметін төмендететін қан тұтқырлығы
мен гематокрит көрсеткіштерінің жоғарылауымен жүретін гемокон-
центрация болып табылады.

    Дененің суды көп жоғалтуының зардапты әсерлерінің бірі жасу-
ша аралық (ұлпалық) және жасуша ішілік сұйықтықтар көлемінің
азаюы болып табылады. Су мөлшері азайған және электролит-
тер тепе-теңдігі өзгерген жасушалардың қалыпты тіршіліктері
бұзылады. Бұл атап айтқанда, дегидратация жағдайында жиырылу
қабілеті айтарлықтай төмендейтін қаңқа мен жүрек бұлшық еттеріне
қатысты.

    Бүкіл дене мен оның ішкі сұйық ортасындағы қалыпты су-тұз
балансын сақтап тұруды бақылайтын физиологиялық механизмдер

                                     294

⇐ МАЗМҰНЫ
   289   290   291   292   293   294   295   296   297   298   299