Page 296 - indexf
P. 296

көзі гликогеннің ыдырауы кезінде босап шығатын гликогенмен бай-
ланысты – «эндогендік» су болып саналады. Әр грамм гликоген
2,7 г сумен байланысқан. Сонымен, гликогенолиз бұлшық ет жиы-
рылуы үшін тек энергия көзі ғана емес және жұмыс атқарушы орга-
низм үшін судың қосымша көзі де болып табылады.

    Ұзақ уақыт күш сала орындалатын бұлшық ет жұмысы кезінде
(әсіресе, ыстық кезде) тер бөлінудің күшеюі салдарынан туындаған
су жоғалтуды толықтыру үшін жұмысты орындап жатқанда және
одан кейін де сұйықтықтарды (су немесе су ерітінділерін) қабылдау
басты рөл атқарады.

    Организм термен суды жоғалту кезінде кейбір минералдық
заттарды (тұздарды) да жоғалтады. Басқа сұйықтықтармен
салыстырғанда тер күшті сұйытылған су ерітіндісі болып табылады.
Ондағы натрий және хлор иондарының концентрациясы олардың
шамамен, плазмадағы концентрациясының 1/3-ін және бұлшық етте
1/5-ін құрайды. Сонымен тер – қан плазмасымен салыстырғанда
гипотониялық ерітінді. Әртүрлі адамдарда тердің иондық концен-
трациясы түрліше және тер бөліну жылдамдығы мен жылылық ак-
климатизация күйіне өте тәуелді болады.

    Тердегі натрий және хлор иондарының концентрациясы тер
түзілу жылдамдығының артуымен жоғарылайды, кальций ион-
дары концентрациясы азаяды, ал калий және магний өзгермейді.
Сәйкесінше, ұзақ күш сала орындалатын жұмыс кезінде (мыса-
лы, марафондық жүгіру кезінде) спортшы термен бірге негізінен
жасушадан тыс кеңістіктер сұйықтығында – плазма мен ұлпалық
сұйықтықтарда болатын натрий және хлор иондарын жоғалтады.
Бұлар – плазма мен ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын, де-
мек, денедегі жасушадан тыс сұйықтық көлемін басқалардан көп
анықтайтын басты электролиттер. Жасуша ішілік су кеңістігіндегі
калий және магний иондарын жоғалту айтарлықтай аз.

    Дегенмен, термен электролиттерге (тұздарға) қарағанда судың
салыстырмалы көп кететінін ескеру қажет. Сондықтан электролиттер
мөлшерінің жалпы төмендеуі кезінде олардың дене сұйықтығындағы
концентрациясы жоғарылайды. Сәйкесінше ұзақ күшті тер бөліну
кезінде организмнің электролиттерді дереу қалпына келтіруге
қарағанда суды алмастырудағы қажеттілігі көбірек.

    Бұлшық ет жұмысы кезінде зәрмен электролиттерді жоғалту
көбіне, өте айтарлықтай емес, себебі бұл кезеңде зәрдің түзілуі аз, ал

           296

⇐ МАЗМҰНЫ
   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301