Page 295 - indexf
P. 295

сан алуан. Плазмадағы су мөлшерінің азаюы онда электролиттер
және т.б. заттар концентрациясын жоғарылатады. Бұл плазманың
осмостық қысымының жоғарылауына әкеледі. Жұмыс үдерісінде
қан плазмасының осмолярлығы да қанға белсенді бұлшық ет жа-
сушаларынан төмен молекулалы метаболизмдік өнімдер мен ка-
лий иондарының шығарылуы салдарынан үздіксіз жоғарылайды.
Нәтижесінде сұйықтықтардың бір бөлігі жасуша аралық (ұлпалық)
кеңістіктен тамырларға плазманың жоғалуын толықтыра орын ау-
ыстырады. Осының арқасында плазма көлемін қалпына келтіру
және оны жұмыс басындағы төмендеу кезеңінен кейін салыстыр-
малы тұрақты деңгейде ұстап тұру мүмкін болады. Термиялық
дегидратацияның дамуы барысында (жұмыс дегидратациясынан
айырмашылығы) плазма көлемі толассыз азаяды.

    Жоғары сыртқы температура кезінде тері қан айналымының
күшеюі нәтижесінде тері капиллярларынан терінің тамырдан тыс
(ұлпалық) кеңістіктігіне сұйықтықтардың қарқынды фильтрация-
сы жүреді. Бұл осы кеңістіктіктерде салыстырмалы көп болатын
белоктардың лимфа айналысына қарқынды өтуіне әкеледі және одан
қан айналу жүйесіне барады. Қанға белоктардың өтуі осылайша қан
айналымдағы плазма (қан) көлемін ұстап тұруға көмектесе отырып,
жасуша аралық (тамырдан тыс) су кеңістіктерінен капиллярларға
судың адсорбциясының күшеюін тудыратын оның онкотикалық
қысымын арттырады. Қанға тері ұлпалық кеңістіктерден белоктар-
дың өтуі қарқынды тер буланудан туындаған қан плазмасының
күшті суды жоғалтуын автоматты түрде өтейді.

    Бұлшық ет жұмысы кезінде неғұрлым жұмыс қарқындылығы
және кейбір жағдайларда неғұрлым ауа температурасы мен
ылғалдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым көбірек бүйрек қан
айналысы төмендейді. Параллельді түрде аз дәрежеде болса да,
бүйрек шумақтарында су фильтрациясы жылдамдығы азаяды, яғни
зәр түзілу жылдамдығы төмендейді. Ыстық жағдайларда жұмыс
кезінде бүйрек қан айналысының және зәр түзілу жылдамдығының
төмендеуі бүйректерде судың кідірілуін (антидиурезді) күшейтеді.
Мұндай кідіру механизмдерінің бірі плазма көлемінің төмендеуі
(дегидратация) мен оның осмолярлығының артуына жауап ретінде
гипофизден антидиурездік гормонның (АДГ) көп бөлінуі болып та-
былады.

    Бұлшық ет жұмысы уақытында тер бөлінудің маңызды қосымша

           295

⇐ МАЗМҰНЫ
   290   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300