Page 297 - indexf
P. 297

бүйрек каналдарында натрий реабсорбциясы күшейген. Бұл зәрмен
натрий иондарының экскрециясы кідіруін қамтамасыз етеді. Бұл
үдерісте қан плазмасында альдостерон концентрациясы мен ренин
белсенділігінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады.

    Дене жаттығуларының алғашқы минуттарында плазма көлемі
дереу азайып, кейіннен тердің көп бөлінуіне қарамастан төмендеу
қарқынының баяулай бастайтынын атап өткен жөн. Альдостерон кон-
центрациясы, керісінше, жаттығу барысында бір қарқындылықпен
жоғарылап отырады (59-сурет).

    Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде бүйректің қанмен жеткіліксіз
жабдықталуы организмде натрийдің кідіруі механизмдерін күшейтуі
мүмкін. Мұндай кідіру организмнің су балансын сақтауға мүмкіндік
береді, өйткені плазма көлемі және қалған жасушадан тыс сұйықтық
олардағы натрий иондарының мөлшеріне пропорциялы болады.

    Ауа температурасы жоғары жағдайларда жұмыс кезіндегі бүйрек
вазоконстрикциясы мен жоғары дене температурасы нәтижесінде
зәрде белоктың пайда болуы (жұмыс протеинуриясы) мүмкін бола-
тын бүйрек шумақтарында өткізгіштіктің күшеюін тудырады.

59-сурет. Альдостерон концентрациясы мен плазма көлемінің 2 сағаттық
   циклдік жаттығулар кезіндегі өзгерістері (A. Giovanelli мәліметтері
                                        бойынша)

           297

⇐ МАЗМҰНЫ
   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302