Page 298 - indexf
P. 298

Қан айналу жүйесі. Жоғары ауа температурасы кезінде (мы-
салы, күн ыстық күндері) дененің тікелей қызып кетуі жағдайында
адамның тыныштық күйінде тері қан айналысы күшейеді және
ЖЖЖ жоғарылауынан жүректің минуттық қан көлемі артады.
Мұнда систолалық көлем өзгеріссіз қалады. Жалпы перифериялық
тамыр кедергісі және артериялық (систолалық) қысым төмендейді.
Мәселен, құрғақ ыстық ауа болатын фин моншасына (саунаға) түсу
шамамен, жүректің минуттық қан көлемінің 70%-ға және ЖЖЖ
60%-ға аса артуын тудырады.

    Бұл артқан жүректің минуттық қан көлемі жылу шығаруды
күшейту үшін тері тамырларына бағытталады. Бұдан басқа тері
қан айналысы құрсақ қуысы мүшелері мен бұлшық ет арқылы (аз
дәрежеде) қан айналысының азаюымен жүретін жүректің минуттық
қан көлемінің қосымша қайта таратылуы есебінен артады. Жатыр
және бүйрек қан айналысы тері температурасының жоғарылауына
тура пропорциялы төмендейді.

    Аэробтық қуаттылықты жұмыс кезінде көбіне, жоғары ауа тем-
пературасы О2 пайдаланудың жалпы жылдамдығына елеулі ықпал
жасамайды. Тек ыстық жағдайда жеңіл жұмысты орындау кезінде
бейтарап жағдайға қарағанда оттекті пайдалану біршама жоғары бо-
луы мүмкін.

    Жоғары ауа температурасы ұзақтығы 4-6 мин-қа дейін қысқа
мерзімдік жұмысты орындау кезінде жүрек-тамыр жүйесі
қызметінің көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етпейді. Максимал-
ды аэробтық жұмыс кезінде (ОМП деңгейінде) ыстық және бейта-
рап жағдайларда максималды жүректің минуттық қан көлемі, ЖЖЖ
және жүйелік АВА-О2 бірдей болады. ОМП ыстық жағдайларда да
азаймайды, бірақ ОМП деңгейінде жұмыстың шекті ұзақтығы күшті
қысқарады.

    Ыстық жағдайда ұзақ мерзімдік жұмысты орындау кезінде
жүрек-тамыр жүйесі жұмыс атқарушы бұлшық еттерге қажетті
оттегі мөлшерін жеткізу үшін (метаболизмдік сұраныс) олардың
адекватты (барабар) қанмен жабдықталуын және жылу шығару
жоғары болу үшін (жылу реттеуші сұраныс) тері қан айналысының
күшеюін бір мезгілде қамтамасыз ету қажет. Бұл міндет одан әрі қан
айналымдағы қан көлемінің азаюынан және оның тұтқырлығының
жоғарылауынан барынша күрделене түседі.

    Ыстық жағдайларда жүректің жиырылу жиілігі және жүректің

           298

⇐ МАЗМҰНЫ
   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302   303