Page 374 - indexf
P. 374

талқылай келе, әйелдер мен ер адамдардың максималды аэробты
мүмкіндіктерінің жаттықтырылу дәрежесі негізінен бірдей деу-
ге болады, дегенмен, ерлерге қарағанда әйелдерде абсолютті өсу
азырақ болса, ал жаттықтыру әсерінің индивидуалды өзгерістері
(вариациялығы) басымырақ келеді.

    Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік
    Ерлер мен әйелдер бірдей максималды емес аэробты (О2 пайдала-
ну жылдамдығы шамалас) жүктемелерді орындау кезінде әйелдерде
физиологиялық өзгерістер артықтау, себебі (ОМП % жоғары) әйел
организміне салыстырмалы физиологиялық жүктеме көп бола-
ды. Алайда, әйелдер мен ер адамдарда тіпті, бірдей салыстырмалы
(ОМП пайызы тең келетін) жүктемелерді орындауға жүрек-тамыр
жүйесінің бейімделуі де бірдей болмайды.
    Әйелдерде қандағы гемоглобин мөлшері төмен болғандықтан,
бірдей абсолютті және салыстырмалы аэробты жүктемелерді
орындау кезінде ер адамдарға қарағанда, АВА-О2 де аз болады.
Сәйкесінше, ер адамдардағыдай оттегі мөлшерін тасымалдау үшін
әйелдердің жүректері қанның көп мөлшерін айдауы тиіс. Осыған
орай ерлерге қарағанда әйелдерде аэробты жұмыс кезінде пайдала-
нылатын О2-нің әр литріне жүректің қан айдауы орта есеппен 10-
15%-ға артық болады.
    Ер адамдарға қарағанда әйелдерде систолалық көлемнің аз бо-
луынан жүректің қан айдауының артуы көбінесе ЖЖЖ артуы
есебінен орын алады. Тіпті, бірдей салыстырмалы аэробты жүктеме
кезінің өзінде ерлерге қарағанда әйелдерде ЖЖЖ орта есеппен,
10 екп/мин-қа артық болады. Бірдей абсолютті аэробты жүктемені
орындау кезінде ЖЖЖ айырмашылығы 20-40 екп/мин. құрайды. Ер
адамдардағыдай бірдей субмаксималды аэробты жұмысты орын-
дау кезінде жаттықпаған әйелдерге қарағанда жаттыққан әйелдерде
ЖЖЖ төмен мәнге ие.
    Бірдей абсолютті қуаттылықты максималды емес аэробты
жұмысты орындау барысында ер адамдарға қарағанда әйелдерде
қандағы лактат концентрациясы жоғары келеді. Бұл жағдайда
әйелдер ер адамдарға қарағанда О2 пайдалануы (ОМП %) едәуір
жоғары салыстырмалы деңгейде, яғни «оттектік төбеге» тақау жұ-
мыс атқарады. Осыған орай дене қуаттылығы бірдей жұмыс кезінде
физиологиялық жүктеме әйелдерде анаэробтық табалдырықтан
жоғары, ал ер адамдарда одан төмен болуы мүмкін. Спорттық

           374

⇐ МАЗМҰНЫ
   369   370   371   372   373   374   375   376   377   378   379