Page 373 - indexf
P. 373

жоғары болып табылады. Төзімділікті жаттықтырған білікті спорт-
шы әйелдерде максималды жүйелік АВА-О2 орта есеппен 13 мл О2
/100 мл қанға келсе, ал спортшы ер адамдарда 15,5 мл О2 /100мл-
ді құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл айырмашылық
әйелдердің артерия қанындағы О2 мөлшерінің төмендеуіне әкелетін
олардың қанындағы гемоглобиннің барынша төмен концентрация-
сымен айқындалады.

    Жүрек көлемі спортшы-әйелдерде жаттықпаған әйелдерге
қарағанда орта есеппен алғанда айтарлықтай үлкенірек болады және
жаттықпаған ер адамдардың жүрек мөлшеріне дейін жетеді. Макси-
малды жүрек көлемі шаңғышы-әйелдерде – 1150 мл және ватерпол-
шыларда – 1700 мл байқалған. Дене салмағына шаққандағы жүрек
көлемі спортшы-әйелдерде ер адамдардың көрсеткіштеріне (16 мл/
кг дейін) тақау келеді.

    Максималды систолалық көлем спортшы-әйелдерде жаттықпа-
ған әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Ол айтулы стайерлер-
де (ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде) 140-150 мл-ге дейін жетеді.

    Максималды ЖЖЖ спортшы-әйелдерде (195 екп/мин. жуық)
спортпен шұғылданбаған әйел адамдарға (205 екп/мин. жуық)
қарағанда төмен болады.

    Алайда, систолалық көлемнің ұлғаюы есебінен максимал-
ды жүректің қан айдауы спортпен айналыспайтын әйелдерге
қарағанда көбірек. Ол айтулы шаңғышы әйелдерде 28-30 л/мин-
ге жетеді. Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын ер адамдардағы
сияқты әйелдерде де систолалық көлемнің көп болуы организмнің
оттегі тасымалдау мүмкіндіктерін жоғарылатудың басты механизмі
болып саналады.

    Ер адамдарға да қатысты іспеттес айтулы спортшы-әйелдердің
жоғары аэробтық мүмкіндіктері оттегі тасымалдау мен оттегі
утилдейтін жүйелерді жаттықтыру нәтижесі ме, әлде осы жүйелердің
жоғары мүмкіндіктері тұқым қуалай (генетикалық) беріле ме, оны
нақты топшылау қиын.

    Бірнеше апта және ай бойы жүйелі түрде төзімділікке жаттықты-
ру ОМП-дың айтарлықтай (бұрын жаттықпаған әйелдерде 25-30%-
ға дейін) артуына әкеледі. Мұнда ОМП-дың салыстырмалы өсуі
мен оның бастапқы деңгейі арасында кері тәуелділік орын алады,
яғни, неғұрлым бастапқы ОМП төмен болған сайын, ол жаттықтыру
нәтижесінде соғұрлым көбірек арта түседі. Осы мәліметтерді

           373

⇐ МАЗМҰНЫ
   368   369   370   371   372   373   374   375   376   377   378