Page 369 - indexf
P. 369

Әйелдер мен ер адамдардағы ОМП арасындағы айырмашылық
дене салмағымен есептегенде шамамен, 15-20%-ға дейін төмендейді.
20-30 жастағыларда дене салмағының 1 кг-на ОМП орта есеп-
пен әйелдерде 35-40 мл/кг*мин, ал ер адамдарда 45-50 мл/кг*мин.
құрайды. ОМП дене массасының майсыз салмағына шаққанда
айырмашылық одан да әрі азаяды, өйткені май ұлпасы метаболизмдік
активті (белсенді) емес болып табылады әрі мүлдем оттегі пайда-
ланбайды. Егер ОМП активті бұлшық ет массасына сәйкестендірсе,
әйелдер мен ер адамдар арасындағы ОМП айырмашылығы жойыла-
ды.

    Бір жас кезеңіндегі ерлер мен әйелдер арасында ОМП өлшемінің
айтарлықтай индивидуалды (жеке дербес) өзгерістері болуы
ықтимал. Дене жүктемесімен барынша жаттыққан әйелдердегі ОМП
дене жаттығуларымен аз айналысқан ер адамдардағы сияқты бола-
ды. Спортпен шұғылданбайтын топтарда шамамен, 75% әйелдердің
ОМП өлшемі 50% ер адамдардың ОМП өлшемімен сәйке келеді.

    Төзімділікке байланысты спорт түрлері өкілдерінде – спортшы
әйелдерде ОМП, 1 кг дене салмағына шаққандағы ОМП сияқты
басқа спортшы әйелдерге қарағанда (қатардағы спортшы әйелдерде
орта есеппен 55-60 мл/кг*мин, ал айтулы спортшыларда, әсіресе,
шаңғышыларда 70-75 мл/кг*мин) айтарлықтай артық болса, ал
спортпен шұғылданбайтындармен салыстырғанда тіптен көп бола-
ры сөзсіз. Алайда, орта есеппен ОМП айырмашылығы жаттықпаған
әйелдер мен ер адамдарға қарағанда спортшы әйелдер мен ерлер-
де көп болады. Дене салмағына шаққандағы ОМП спортшы-ер
адамдарға қарағанда спортшы-әйелдерде 20-25%-ға төмен. Ал
жаттықпаған тұлғаларда бұл айырмашылық 15-20%-ды құрайды.
Тіпті, дене массасының майсыз салмағына шаққандағы ОМП айту-
лы марафоншы-әйелдерде (76,5 мл/кг*мин) ер адамдарға (96,6 мл/
кг*мин) қарағанда 8,6%-ға азырақ болады. Финдік ұлттық коман-
да мүшелері болып табылатын шаңғышы ер адамдар (89,8%) мен
шаңғышы әйелдер (86,4%) арасындағы айырмашылық тек орта
есеппен 3,7%-ды құраған.

    Жоғарыда келтірілген мәліметтер ер адамдармен салыстырғанда
әйелдерде максималды аэробтық өнімділіктің (қуаттылықтың)
төмен болатындығын көрсетеді. Бұл әйелдердің төзімділікті талап
ететін спорт түрлерінде төменірек нәтижелер көрсетуін айғақтайды.
Атап айтқанда, қашықтықтың артуына сәйкес ер адамдармен

           369

⇐ МАЗМҰНЫ
   364   365   366   367   368   369   370   371   372   373   374