Page 371 - indexf
P. 371

Оң жақ         12,0                17-кестенің жалғасы
жүрекшедегі        4,8   6,2 14,0 6,0
 аралас вена             11,5 5,0 14,0
қанындағы О2

   мөлшері

   Жүйелік
 (мАлВ/1А0-0Ом2л)

    Фик теңдеуі бойынша ОМП максималды жүрек қан айдауы мен
максималды жүйелік АВА-О2 арқылы анықталады, яғни ОМП=
ЖҚмакс*(АВА – О2)макс. Бұл екі көбейткіш те ер адамдарға қарағанда
әйелдерде төменірек келеді.

    Ұлдар мен қыздарда жыныстық жетілуге дейін қандағы гемогло-
бин концентрациясы шамалас мәнге ие. Ол әйелдерде ер адамдарға
қарағанда орта есеппен 10-15% аз. Сондықтан әйелдерде қанның
оттектік сыйымдылығы және сәйкесінше, артерия қанындағы
О2 мөлшері де төмен келеді. Максималды аэробты жұмыс кезінде
жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена қанында, аралас
вена қанындағы сияқты О2 мөлшері ер адамдар мен әйелдерде шама-
мен, бір деңгейлес болады. Сонымен, ерлерге қарағанда әйелдерде
қандағы гемоглобин концентрациясы төмен болуымен байланысы
бар максималды жүйелік АВА-О2 кем келеді.

    Ер адамдармен салыстырғанда әйелдерде қан айналымдағы қан
көлемі (800 және 600 мл), сонымен қатар жүректің жалпы көлемі де
(12 және 9 мл/кг дене салмағына) аз болады. Бұл ерлерге қарағанда
әйелдерде жүрек қуысы (қарыншалары) мөлшерінің орта есеппен
төмен екендігін көрсетеді. Осылардың барлығы ер адамдармен са-
лыстыра қарағанда әйелдерде максималды систолалық көлемнің де
аз болуына әкеледі. Жаттықпаған әйел адамдарда ол орташа 90 мл-
ге, ал жаттықпаған ер адамдарда 120 мл-ге жуық келеді.

    Жаттықпаған әйел адамдарда (205 екп/мин) максималды
ЖЖЖ (жүректің жиырылу жиілігі) жаттықпаған ерлерге (200 екп/
мин) қарағанда орта есеппен біраз жиірек болады. Алайда, ол аз
систолалық көлемді өтей алмайды, сондықтан орташа максималды
жүректің қан айдауы жаттықпаған әйелдерде (18 л/мин) жаттықпаған
ер адамдармен (24 л/мин) салыстырғанда айтарлықтай төмен мәнге

                         371

⇐ МАЗМҰНЫ
   366   367   368   369   370   371   372   373   374   375   376