Page 372 - indexf
P. 372

ие. Осылайша, әйелдерде аз болатын максималды жүректің қан
айдауы ер адамдармен салыстырғанда төменкелетін систолалық
көлеммен лимиттеледі.

    Организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері ӨТС (өкпенің
тіршілік сыйымдылығы) мен максималды өкпелік вентиляциямен
(желденуімен) байланыста болады. Әйелдерде ӨТС орта есеппен
1 л-ға, ал максималды өкпелік желдену шамамен, 30%-ға аз. Дене
мөлшеріне коррекция жыныстық ерекшеліктерді азайтады, деген-
мен, толығымен оларды жоймайды. Одан басқа әйелдерге бұлшық
еттік жұмыс кезінде тыныс алуды реттеуде белгілі бір физиология-
лық ерекшеліктер тән. Осылай әйел адамдар тыныс алу жиілігі мен
тереңдігінің барынша тиімсіз қатынасымен ер адамдардың өкпелік
вентиляция өлшеміне жетеді. Белгілі бір шамада бұл әйелдердегі
өкпелік көлемнің азаюымен және барынша әлсіз тыныс бұлшық
еттерімен негізделген. Бұдан басқа әйелдерде О2 үшін өкпенің
диффузиялық қабілеті айтарлықтай төмен болып келеді.

    Төзімділікке жаттықтыру организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктерін жоғарылатады. Алайда, оның түрлі буындарындағы
бұл өзгерістер бірдей емес. 17-кестеде көрсетілген гематологиялық
көрсеткіштер арасынан төзімділікке жаттықтыру нәтижесінде тек
қан айналымдағы қанның жалпы көлемі ғана өзгеретінін, яғни арта-
тынын көреміз. Қан айналымдағы гемоглобиннің жалпы саны про-
порциялы жоғарылайды, сондықтан қандағы оның концентрациясы
өзгеріссіз қалады.

    Спортшы-әйелдерде артерия қанындағы О2 мөлшері тыныштық
күйде де, максималды аэробты жұмыс кезінде де жаттықпаған
әйелдердегі деңгейдей болады. Осымен қатар максималды аэроб-
ты жұмыс кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена
қанындағы О2 мөлшері төзімді спортшы-әйелдерде 1,8 мл О2 /100мл-
ге (спортшы-ер адамдарда орта есеппен, 1,4 мл/О2 /100мл қанға)
дейін, ал аралас вена қанында 4 мл О2/100 мл-ге дейін (спортшы-
ерлерде орташа осы деңгейлес) төмендейді. Бұл цифрлар спортшы-
әйелдерде жаттықпаған әйелдерге қарағанда бұлшық еттің қаннан
оттегіні утилдейтін және жүректің қан айдауын барабар (адекватты)
тарату қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Спортшы-ер адам-
дар да осылай болады. Спортшы-әйел адамдарда спортшы-ерлерге
қарағанда артерия қанындағы О2 мөлшерінің төмен, АВА-О2 мәнінің
кем болғанымен жаттықпаған әйелдерге қарағанда олардың мөлшері

           372

⇐ МАЗМҰНЫ
   367   368   369   370   371   372   373   374   375   376   377