Page 394 - indexf
P. 394

Мәселен, мектепке дейінгі жастағы оқушылардың тәуліктік рацио-

нында кальций мен фосфордың мөлшері шамалас болуы тиіс болса,

ал одан жоғары жас кезеңдерінде фосфор мөлшері екі есеге дейін

артық болуы қажет (21-кесте).
                                                                            21-кесте

  Балалар организміне қажетті минералдық заттар мөлшері,
                                   тәулігіне мг

Баланың жасы   кальций  фосфор  магний

1 жасқа дейін  1000     1500    -

1-3            1000     1500    140

4-6            1000     1500    220

7-10           1200     2000    360

11-13          1500     2500    400

14-17          1400     2000    530

ересек         4500     2000    -

    Өсіп келе жатқан организм үшін, сонымен бірге натрий, хлор,
темір де аса қажет. Алайда, ересек адамдарға қарағанда балалардың
аталмыш минералдық заттарға тәуліктік қажеттілігі 1,5-2 есеге
кемірек келеді. Осымен қатар балалардың зат алмасу үдерістерінде
мыс, мырыш (цинк), кобальт, марганец сияқты микроэлементтердің
де алатын өзіндік орындары бар.

    Энергия алмасу. Ересек адамдарға қарағанда балалар-
да энергиялық алмасу жоғары болады. Мысалы, салыстыр-
малы тыныштық күйде (негізгі алмасу) 1 кг масса мен дене
беткейінің бірлігіне энергия шығыны ересектерге қарағанда 8-10
жаста 2-2,5 есе жоғары келеді. Балалар организмі биоэнергети-
касы қарқындылығының барынша жоғары болуы өсу мен даму
үдерістерінің салдары болып табылады. Және де еске сала кететіні
бала неғұрлым жас болған сайын соғұрлым жоғары болады.

    Энергияның көп шығындалуы тек күшейтіле жүріп жатқан
пластикалық үдерістерге ғана емес, ересектерге қарағанда
айтарлықтай қарқынды жүретін тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері-
нің жұмыстарымен, сонымен қатар жылу шығындаудың көп болуы-
мен де байланысты. Балалардың дене беткейінің ауданы дене мас-
сасымен салыстырғанда үлкен болып келетіндіктен ол қоршаған
ортаға жылуды көбірек шығарады. Мәселен, негізгі алмасу күйінде

               394

⇐ МАЗМҰНЫ
   389   390   391   392   393   394   395   396   397   398   399