Page 39 - indexf
P. 39

Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық еттер
адамның еркіне байланысты денені қозғалысқа келтіреді, тепе-
теңдікті сақтауға қатысады, т.б. Бұлшық ет талшықтары көптеген
миофибрилдерден құралған (8 А-, 9-суреттер).

  9-сурет. Бұлшық еттің микроқұрылымы: 1 – саркомерлер;
2 – сарколемма; 3 – саркоплазма; 4 – ядро; 5 – миофибрилдер;

                          6 – миофиламенттер

    Әрбір бұлшық ет жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.
Қаңқа еті көлденең жолақты миоциттерден тұрады. Ұзындығы 10
см-дей, кейде одан да ұзын, ені 12-70 мкм болатын талшықтар ұзын,
цилиндр тәрізді болып келеді. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин
белогына бай. Миоглобин гемоглобинге ұқсап оттегін байланыс-
тырады. Бұлшық ет талшығының пішініне және саркоплазмалық
миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау және аралық
бұлшық ет талшықтары болады. Саркопазмасы көп талшықтар
қызарып баяу жиырылады, ал саркоплазмасы аз талшықтар
ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды.

     Миоцитті қаптаған қабықша – сарколемманың саркоплазмаға
қарай шыққан көлденең Т-өсінділері болады. Олар миофибрилді
саркомерлерге бөлетін Z мембраналарының тұсында пайда болады.
Сарколемманың ішкі жағында, миофибрилдер тобының сыртын-
да олармен қатар жатқан саркоплазмалық ретикулум мембрананың
Т-өсіндісіне жеткенде кеңіп, Са2+ иондарына толы қуыс (цистерна)
құрады. Осы сарколеммалық бір көлденең Т-өсіндісімен оның екі
жағындағы екі ретикулум цистернасының түйіскен жері (жасуша
ішіндегі 3 элементтен тұратын триада) – ішкі синапс деп аталады.

           39

⇐ МАЗМҰНЫ
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44