Page 40 - indexf
P. 40

Бұлшық еттің жиырылғанда қысқаруы мен босаңсығанда ұзарып,
қалпына келуі саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығына бай-
ланысты.

    Саркомерлер грек тілінен аударғанда sarcos – ет, meros – бөлік
деген мағынаны білддіреді, яғни саркомер бұлшық ет талшығының
жиырылғыш протеиндік жіпшелері – миофибрилдердің кұрылым-
дық және қызметтік бірлігі (10-сурет). Саркомерлер қатарынан
орналасқан екі телофрагма (Z) сызығы (линиясы) аралығындағы
миофибрилл бөлігі. Ол актин миофиламентінен кұралған ашық түсті
екі жарты изотропты (I) белдеулерден (дискілерден) және олардың
аралығындағы миозин миофиламентінен түзілген күңгірт түсті
толық анизотропты (А) белдеуден (дискіден) түзілген. А дискісінің
орталығымен мезофрагма (М) сызығы (линиясы) өтеді. Миозин
жіпшелері миофибрилдердің күңгірт (А) бөлігінде, ал актин ашық
(І) бөлігінде бірінен соң бірі кезектесіп орналасқандықтан, микро-
скоппен қарағанда жолақ-жолақ болып көрінеді.

10-сурет. Саркомер – көлденең жолақты бұлшық еттің құрылымдық және
қызметтік бірлігі. Көлденең қима бойынша түрлері: А – жіңішке жіпшелер

   торы, Ә – астасқан бөлігі, Б – саркомер орталығы, В – жуан жіпшелер
торы. Электрондық микрография (Modified from Vander, Sherman, Luciano

                           Human Physiology, McGraw-Hill)

                                       40

⇐ МАЗМҰНЫ
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45