Page 44 - indexf
P. 44

1939 жылы В. А. Энгальгард пен М. Н. Любимова бұлшық ет
жиырылған кезде миозиннің ферменттік белсенділігі өсетінін және
ол бұлшық еттегі энергия көзі АТФ қышқылын ыдырататынын
анықтаған. Кейіннен венгер биохимигі Д. Сцент-Дюорди бұлшық
етте актиннің болатынын және актин мен миозин әрекеттесуінен ак-
томиозин түзіліп, оның ферменттік қасиеті миозиннен 10 есе жоғары
екендігін дәлелдеді. Соңғы кезде бұл екі белоктың әрекеттесуі
үшін саркоплазмада Са2+ иондары саны белгілі бір деңгейге жетуі
(2-15*106) және Mg иондарының болуы қажет екенін анықтаған.
Сонымен қатар актин шиыршықтары арасындағы тропонин мен
тропомиозин молекулаларының қажеттілігі де дәлелденді. Осы
мәліметтерді пайдалана отырып, «белок молекулаларының жыл-
жуы» теориясының келесідей моделі қолданылады: әрбір бұлшық
ет талшығында қимыл нейрондарының ұшы болатындығы белгілі,
яғни бұлшық ет талшығы жиырылуы үшін мотонейроннан (мото-
нейрон туралы 7-тарауда толығымен баяндалады, 7-тараудағы
38-сурет пен 12-тараудағы 73-суреттерге қараңыз) мионевралдық
– жүйке-бұлшық еттік синапсқа (синапс аралық қуыстағы аце-
тилхолин медиаторы арқылы) импульс келіп жетуінен әрекет по-
тенциалы туып, деполяризацияланып саркоплазмада теріс заряд
пайда болады. Ол мембрана бойымен Т өсінділері арқылы ішкі
синапсқа жетіп, ретикулум цистернасының Са2+ ионына өтімділігін
жоғарылатады. Мұның салдарынан кальций иондары цистернадан
саркоплазмаға өтеді. Кальций иондары тропонин молекулалары-
мен әрекеттесіп тропонин-тропомиозин кешенін құрады. Бұл кешен
тропониннің пішінін өзгертеді де, актин шиыршықтарының арасы-
на тропомиозиннің тереңірек кіруіне жағдай жасайды, сөйтіп актин
тропомиозин кедергісінен құтылып, актинге миозиннің домалақ
бастарының (көлденең өсінділерінің) жабысатын жері босайды. Осы
өсінділер актинге жабысып ондағы миозиннің ферменттік қасиетін
жоғарылатады. Бұл үшін Mg иондарының да жеткілікті болуы шарт.
АТФ қышқылы ыдырай бастайды, 1 фосфор қышқылы бөлініп АДФ
түзіледі. Осыған орай миозин домалақ бастарының конформациялық
өзгеруіне байланысты олар қайық ескектерінің қимылын жасап
(еңкейіп, жазылып) актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің ортасы-
на қарай тартып енгізеді (13-суретті қараңыз). Бұған босаған энер-
гия жұмсалады. Мұнымен қатар миозин өсіндісінде (басында) АТФ
қышқылы қайта синтезделеді және Са2+ иондары саркоплазмада азая
бастайды. Осыған орай актин мен миозин байланысы бұзылады.

                                       44

⇐ МАЗМҰНЫ
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49