Page 35 - indexf
P. 35

кен. Адаптогендерді қолдану барысындағы иммундық жүйе күйінің
жағымды өзгерістері, атап айтқанда, олардың вегетативті жүйке
жүйесіне және энергиялық алмасуға ықпал етумен байланысты
болған.

    Пантогематогенді бастапқы парасимпатикотония фонында
қолдану иммунологиялық көрсеткіштерге жақсы ықпал етсе, ал ара-
лия тұнбасы – бастапқы симпатикотония фонында сондай ықпал
жасаған.

    Сондықтан бейімделуге толық даярлық генотиптік
және фенотиптік факторларға негізделіп, бейімдеуші және
гомеостатикалық механизмдер арқылы қалыптасып жетіледі.

    Бейімделу белгілері
    Әрбір организмнің бейімделуінің өзіндік мөлшерлік және
саналық айырмашылықтары болады. Бұлардың арасалмағы
бейімделудің өлшемі болып саналады. Организмнің бейімделу
өлшемі ретінде белгілі ырғақ пен тіршілік нормасы есептеледі.
    Организмнің бейімделу әрекетінің ырғағы оның ішкі күйіне,
белсенділік дәрежесіне және тіршілік қарқынына, сыртқы
факторлардың сипатына байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай,
организмнің белсенділік шамасына сәйкес тіршіліктің үш түрлі:
дағдылы, төмендеген және жоғарылаған нормасын жіктейді.
    В. П. Казначеев бейімделудің:
    1.	Термодинамикалық белгілер – барабар және барабар емес
жағдайларға биологиялық жүйелердің қолайлы деңгейін тұрақты
ұстауға бағытталған;
    2.	Кибернетикалық (меңгерімдік) белгілер – әртүрлі жағдайларда
өздігінен реттеуші жүйелердің функциялық деңгейде өзін сақтау
үдерісі;
    3.	Биологиялық белгілер – бейімделу кезінде биологиялық
жүйелердің түрлік, қауымдастық, биоценоздық қасиеттерді сақтап
және дамытып үдемелі эволюцияны қамтамасыз етуі;
    4.	Физиологиялық белгілер – ортаның құбылмалы жағдайла-
рында біртұтас организмді, оның гомеостатикалық жүйелерінің
функциялық күйін қолдап, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін,
ұзақ өмірін қамтамсыз ету үдерісі сияқты төрт белгісін ажыратады.
    Н. А. Агаджанянның ұсынысы бойынша, бейімделудің
белгілеріне ұлпалардағы газ алмасуына жауапты физиологиялық
функциялардың тұрақтылығы, оттегіні максималды пайдалану

           35

⇐ МАЗМҰНЫ
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40