Page 34 - indexf
P. 34

Организмнің бейарнайы төзімділігі деп оның табиғаты әр алуан
көптеген факторлардың төтенше әсерлеріне тұрақтылығын айтады.
Бұл орасан жүктемелер кезінде ғарышкер, ұшқыш, сүңгушілерде
байқалады. Бұл төзімділіктің шығу механизмі өте күрделі, толық
анықталған жоқ. Алайда, организмнің зиянды әсерлерге жауап-
тары, ол іс жүзінде асырылатын деңгейіне қарамастан, біртұтас
жүйенің жауабы түрінде қалыптасады. Ол басқа мүшелер мен
ұлпаларға өз ықпалын жүйке және эндокриндік жүйелер арқылы
жеткізеді. Әсіресе, Л. А. Орбели бұған симпатикалық жүйкенің
қатысатындығын, оның бейімделу-нәрлендіру (адаптациялық-
трофикалық) ықпалын жеткілікті дәлелдеді.

    Ал А. Д. Сперанский улы және уыттық (токсин) заттарға,
жарақаттарға организмнің төзімділігі әртүрлі жүйкелер арқылы
қалыптасатындығын, олай болмаған жағдайда, дистрофиялар пайда
болатындығын көрсетеді.

    Жалпы сенсибилизация немесе резистенция кезінде алдағы
жаңаша тіршілік жағдайларының сипатына қарай адам мен жа-
нуарлар организмінің морфологиялық қалпын қалыптастыруда
нейрогуморалдық реттеуші жүйе жетекші болып саналады.

    Организмнің бейімделуге даярлығы, оның бірнеше рет икемде-
лу кезінде немесе арнайы жаттықтыру арқасында бейімделген ме-
ханизм қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, қоршаған ортаға
бейімделу қабілетіне сәйкес адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші то-
бын спринтрлер («шапшаңдар») деп атайды. Олар қоршаған ортаның
қауырт қысқа мерзімді құбылыстарына оңай және тез бейімделеді.
Ал стайерлер («шыдамдылар») деп аталатын екінші топ өкілдері ор-
ганизм әрекеттерін өзгерте алатын, ұзақ уақыт әсер ететін фактор-
лар әсеріне жақсы бейімделеді. Олардың бейімделуі тиянақты және
тұрақты болып келеді.

    Негізінде организмнің бейімделуге даярлығын және оны
нәтижелі жүзеге асырылуын, яғни бейарнайы төзімділігін
нығайтатын көптеген маңызды факторлар бар. Олардың қатарына
ұтымды дұрыс тамақтану, белгілі режим, бейімдегіш дәрі-дәрмектер
(адаптогендер), дене шынықтыру және жаттықтыру, биологиялық
ырғақтар жатады.

    Пәкістандық студенттердегі иммунологиялық ауытқулар кезінде
пантогематоген және аралия адаптогендерін қабылдау иммунитет
жүйесінің функциялық белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз ет-

           34

⇐ МАЗМҰНЫ
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39