Page 36 - indexf
P. 36

шамасы, физиологиялық жүйелердің өзгеріссіз белсенділік пен
өзара реакция деңгейінің тиянақтылығы, дене және ой еңбегіне
жұмысқа қабілеттілігінің толық қайта жасалуы, олардың қосымша
факторларға төзімділігі, хронология ауытқуларына орнықтылығы,
организмнің иммундық белсенділігін қалпына келтіру, ұрпақ
жаңғырту қасиеттері жатады.

    Күнделікті тіршілік жағдайларында, дене жүктемелерінің әсер
етуі кезінде организм мүшелері мен ұлпаларында үнемі қоректік
заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық
ауытқулар, газдардың парциалдық қысымының өзгерістері
байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты
физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделуінің
негізін жасайды. Жоғарыдағы мәліметтер мен әртүрлі жағдайларға
бейімделу мәселелері Х. Қ. Сәтпаева (1995) еңбегінде толығымен
баяндалған.

  Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі ретінде

    Дене шынықтыру мен спорттың барлық түрлерінің адамның
қозғалыс әрекеті арқылы атқарылатыны баршамызға белгілі. Спорт-
тық жаттығуларда ең әуелі вегетативтік (қан айналу, тыныс алу)
мүшелер қызметімен неғұрлым тиімді қамтамасыз етілетін бұлшық
ет жүйесі белсендіріледі. Бұлшық еттер адам организміндегі әртүрлі
қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді
бөлігі болып табылады (Осыған орай бұл пәнді толық меңгеру үшін
ең алдымен, бұлшық еттің құрылымы туралы білуіміз қажет, ал
бұлшық ет және бұлшық ет күші физиологиясы туралы толығымен
7-тарауда баяндалады).

    Кез келген жұмыс әрекеті талдағыштардың және орталық жүйке
жүйесі қатынасуымен жүреді. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім
мүшелері арқылы қабылданып, мида өңделеді, сөйтіп жауапты
қимыл әрекеті ұйымдастырылады.

    Жұмыстың барлық түрлері қозғалыс аппаратымен атқарылады.
Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыс-
тыруды және сыртқы әсерлерге белсенді қимыл әрекеттің туында-
уын қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпалар жиынтығын айтады.
Қозғалыс аппаратына бұлшық еттер, оларды жиырылтатын мото-
нейрондар және қаңқа жатады (8-сурет).

                                       36

⇐ МАЗМҰНЫ
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41