Page 41 - indexf
P. 41

11-сурет. Миозин – молекулалық мотор: 1 – екі шиыршықтан құралған
 оралымды катушка, 2 – ауыр тізбектер, 3 – жеңіл тізбектер 4,6 – АТФ

байланыстырушы орындар, 5 – актин байланыстырушы орын (Modified
     from Vander, Sherman, Luciano Human Physiology, McGraw-Hill)

Миозин S1 фрагменті кристалдық құрылымы (Ruegg et al., (2002) News
                               Physiol Sci 17:213-218)

    Миозин шиыршықты 150 молекуладан тұратын домалақ бастары,
мойны мен құйрық бөлімдерінен (терминал) тұратын молекулалық
мотор болып табылады. Миозиннің домалақ бастары құрылымы мен
қасиеттерін зерттеу үшін көбіне, тұтас миозиннен кез келген иондық
әсер кезінде ерігіштігімен ерекшеленетін S1 қолданылады. Ол мио-
зин басының негізгі қасиеттерін толық сақтайды (11-, 13-суреттер).
Әр жіпшенің ұшындағы алмұрт тәріздес екі домалақ (глобула) бас-
тары миозиннің білік бөлігімен иілгіш «топсалы» үлескі-мойыны
арқылы байланысқан. Осыған орай миозиннің білігіне қарағанда
осы домалақ бас бөлігі миозиннің негізгі қызметін атқарады, яғни
қозғалыс (актинмен өзара байланысуға) және күш өндіру қабілетіне
(АТФ-азалық белсенділікке) ие болып келеді. Миозиннің жуан бөлігі
диаметрі 5-7 нм, ал ұзындығы 19-21 нм. Сәйкесінше аталмыш
домалақ өсінділері арқылы (көлденең-көпір) миозин (~ 5 нм) актин-
ге жабысады. Миозиннің осы өсіндісінің АТФ қышқылын ыдырата-

           41

⇐ МАЗМҰНЫ
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46