Page 42 - indexf
P. 42

тын ферменттік қасиеті бар. Бұл қасиеті актинмен байланысқанда 10
есе жоғарылайды.

     12-сурет. Бұлшық еттің негізгі жиырылғыш элементі (саркомерлер
                  актомиозин кешенінің бірі) – актин құрылымы

    Актин шиыршықты жіпшелерден тұрады, олардың ішінде әрбір
40 нм аралығында домалақ басы бар тропонин молекуласы және тро-
помиозин белогі кездеседі. Тропомиозин жіпшелері жиырылмаған
бұлшық етте актиннің миозин өсінділері жабысатын жерін жауып,
миозиннің актинге жабысуына кедергі жасайды (12-, 13-суреттер).

    Бұлшық еттің жиырылу және босаңсу механизмін, бұлшық ет
жиырылған кезде талшықтар неліктен қысқаратынын түсіндіруде
қазірге уақытта З. А. Хаскельдің «белок талшықтарының жылжуы»
теориясы айрықша қолдау тауып отыр. Бұл теория бойынша бұлшық
ет жиырылған сәтте актин талшықтары миозин бойымен толығымен
сырғып, толығынан олардың ара-арасына кіреді (13-суретті
қараңыз). Мұның салдарынан миофибрилдердің ашық бөлімі (І)
қысқарады, тіпті жоғалып та кетеді, ал күңгірт бөлімі (А) оның қақ
ортасындағы тек миозин жіпшелерінен тұратын ашыңқы (Н) зо-
насы жоғалып, одан әрі күңгірттене түседі және күңгірт бөлімдері
(А) бір-біріне жақындайды. Осы сәтте миофибрилдерді жай микро-
скоппен қараса, оның көлденең жолақтығынан айырылғанын көруге
болады. Актин және миозин жіпшелерінің ұзындығы бұлшық ет
жиырылғанда өзгермейді, яғни қысқармайды. Тек актин жіпшелері
миозин жіпшелерінің арасына енгендіктен саркомер қысқарады.
Бірнеше миллиондаған саркомерлердің қысқаруы миофибрилді
әжептәуір қысқартады.

                                       42

⇐ МАЗМҰНЫ
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47