Page 46 - indexf
P. 46

тақауда ғана ашылуы себепті мұнда барлық компоненттер толық деп
есептеуге болмайды.

15-сурет. Дистрофин және онымен байланысты молекулалар диаграммасы
             (Cohn and Campbell (2000) Muscle Nerve 23:1459-1471)

    Бұлшық еттің ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын және
сақтайтын қабілетін, яғни оның төзімділігін статикалық жұмысты
орындағанда, жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты
қысым күшін сақтайтын мерзімі арқылы анықтайды. Ол үшін
уақытты күш көрсеткішіне көбейтеді. Егер жұмсалған күш мак-
сималды күштің 20%-на тең болса, тұрақты қалыпты жұмыс ұзақ
уақытқа созылады.

    Динамикалық жұмыстарда төзімділік ең ақырғы уақыт және
шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады. Динамикалық төзімділік
орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен сипатталады. Мұндай
жұмысты орындау кезіндегі төзімділік велоэргометрдің көмегімен
өлшенеді.

Бұлшық еттер адам организмі эндокриндік мүшесі ретінде

    Соңғы уақытта бұлшық еттердің жиырылу нәтижесінде орга-
низмде миокиндердің өндірілетінін анықталған (Claus Brandt and
Bente K. Pedersen Hindawi, 2012).

           46

⇐ МАЗМҰНЫ
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51