Page 47 - indexf
P. 47

Дене жаттығуларын тұрақты түрде орындап, дағдыға айналдыру
нәтижесі қант диабетінің 2-типі, жүрек-тамыр жүйелерінің аурулары,
тік ішек, сүт бездері обырлары, остеопороз және ақыл-естің кемдігі
сияқты т.б. көптеген аурулардан қорғайтыны дәлелденген. Шетелдік
ғалымдар дене жаттығулары өздерінің қабынуға қарсы әсерлерін
висцералдық майлар массасын төмендету арқылы іске асырады
деп топшылайды. Бұл бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде
бұлшық ет жасушалары бөліп шығаратын белок – миокиндерге бай-
ланысты. Сондықтан ғалымдар қаңқа бұлшық еттерін эндокринді
мүше ретінде қарастыру қажет деп санайтын инновациялық идеяны
ұсынады. Миокиндер бұлшық ет жасушалары бөліп шығаратын ци-
токиндерге жатады.

    Цитокиндер – негізінен иммундық жүйе жасушалары мен
басқа да жасушалар бөліп шығаратын және синтездейтін гормон
тәріздес белоктық заттар мен пептидтер тобы. Олар биологиялық
қызметтеріне байланысты:

    1. Иммундық жүйе дамуы мен гомеостазын басқаратын;
    2. Қан жасушаларының (гемопоэз жүйесі) өсуі мен дифферен-
циациялануын бақылайтын;
    3. Қабыну үдерістеріне, қан ұюына және қан қысымына ықпал
ете отырып, организмнің бейарнайы қорғаныс реакциялары-
на қатысатын цитокиндер деп 3 топқа бөлінеді. Жалпы алғанда,
цитокиндер жасушаның өсуі, дифференциациялануы мен өмір
сүру ұзақтығын реттеуге қатысады. Сонымен қатар апоптозды
(жасушалардың генетикалық бағдарланған өлімін) басқаруда да
үлесі бар. Қазіргі кезде цитокиндердің көптеген түрлері ашылған.
Мысалы, олардың интерлейкиндер, лимфокиндер, монокиндер, хе-
мокиндер, интерферондар, миокиндер және т.б. топтары бар.
    2003 жылы Bente Klarlund Pedersen бұлшық ет талшықтары
жиырылуы кезінде бөлінетін цитокиндер мен басқа да белоктар-
ды миокиндер деп атауды ұсынған болатын. Миокиндерден бұрын
1997 жылы Джон Хопкинс университеті зертханасында миостатин
белогы алғаш анықталған. Миостатин – бұлшық ет ұлпасы өсуі мен
дифференциациялануын тежейтін белок. Аэробтық және күштік
жаттығулар адам және жануарлар организмінде миостатин инакти-
вациясын әлсіретсе, төзімділік жаттығулары оларды күшейте түседі
(3-тарау, 19-суретке қараңыз).
    Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер бұлшық ет жасушала-

           47

⇐ МАЗМҰНЫ
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52