Page 49 - indexf
P. 49

жаттығулары кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі, глю-
коза және т.б. қажетті заттар дер кезінде жеткізіліп, организмнен
ыдырау өнімдері жедел шығарылады. Сондықтан тыныс алу және
жүрек-тамыр жүйелерінің қызметтері күшейеді.

    Қарқынды жұмыс кезінде сүт қышқылы толық тотығып
үлгермейді. Сондықтан ол жұмыс аяқталғанда да оттегіні пайда-
ланып тотыға береді. Мұны «оттектік қарыздылық» деп атайды, ол
ауыр жұмыс істегенде 15-20 литрге жетеді (4-, 5-тарауларда толық
баяндалады).

    Организм мүшелері қимыл рефлекстер арқылы әрбір әсерленіске
қатысады. Мұнда кері байланыстар қозғалыс жүйесінің вегетативтік
әсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс (жаттықтыру)
туралы алдын ала ойлаудың өзі вегетативтік өзгерістер тудырады.
Ол қозғалыс әрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырылатынын
көрсетеді.

    Дене жаттығулары ықпалынан қан айналысы қатты өзгереді.
Бұлшық ет жиырылуы әуелі қан ағысының жылдамдығы арқылы
қамтамасыз етіледі. Жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі
4-8 есе артады, сөйтіп газ алмасуы 5-10 есе жеделдейді. Жүректің
систолалық көлемі ауыр жұмыстарда 1,5-3 есе көбейеді, ал
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) минутына 160-240 ретке жетеді.
Нәтижесінде қанның ағысына жеңілдік туады. Өйткені жұмысқа
кіріскен бұлшық еттердің ұсақ талшықтарының көбісі ашылып, та-
мырлар тонусы төмендейді. Дені сау және еңбекке жарамды адам-
дарда қанның диастолалық қысымы аз өзгереді немесе 5-15 мм
сынап бағанасына көтеріледі. Систолалық қысым 150 және тіпті,
200 мм сынап бағанасына жетеді, ол істелетін жұмыстың алымына
сәйкес келеді.

    Жұмыс кезінде жүректің жиырылу жиілігіне организмнің сезім
күйі мен тұлға қалпы әсер етеді. Отырған кезбен салыстырғанда
тұрып жұмыс істегенде жүрек шамамен, 10-15 рет жиі жиырылады.
Ер адамдар мен әйел адамдарда жүректің жиырылу жиілігі қозғалыс
әрекеті нәтижесінде әртүрлі өзгереді. Мәселен, әйелдер мен ер
адамдарға бірдей жүктеме берілген кезде біріншілерінде жүрек жиы-
рылу жиілігі орта шамамен, минутына 10-15 рет артық болады. Дене
жұмысы кезінде жүректің жиырылу жиілігіне қоршаған ортаның
температурасы да әсерін тигізеді. Температура 25-30°С, не одан
жоғары болса, ол минутына 10-15-ке жоғарылайды. Жаттықтыруға

           49

⇐ МАЗМҰНЫ
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54