Page 50 - indexf
P. 50

дейін және жаттығу барысында ЖЖЖ анықтау, тіркеу организмнің
физиологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туғызады.

    Дене жаттығуларымен айналысу кезінде организмнің газ алма-
суын қамтамасыз ететін тыныс алу жүйесі де өзгереді. Берілген
жүктемеге сәйкес өкпе вентиляциясы (желдетілуі) және оттегіні
пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдайда өкпенің 5-8 л/мин. венти-
ляция көлемінен 3-4% оттегі пайдаланылады. Ал дене жүктемесінің
әсер етуі кезінде өкпе вентиляциясы минутына ондаған литрге
көбейеді, оттегіні пайдалану 4-8%-ға тең болады. Өкпе вентиляциясы
тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде
тыныс тереңдігі адамға тән өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30-
40%-нан тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық күйдегі
мөлшермен салыстырғанда 2-3 есе өседі.

    Қарқынды жаттықтыру кезінде алғашқыда бейімделу кезеңі
байқалады, онда тыныс тарылып, жеткілікті дәрежеде өкпенің
желдетіліп үлгермеуінен тыныс жолдарында жағымсыз күй пайда
болады. Содан кейін бұл құбылыстар жойылады, алайда, 20-30 ми-
нуттан кейін «өлі нүкте» туады. Мұнда аталған жағымсыз жайлар
күшейіп, адам жаттықтыруды жалғастырудан бас тартуы мүмкін.
Егер оны жеңіп жаттықтыру жалғастырылса, бұл сезім тыйылады.
Сөйтіп, «екінші тыныс алу» ашылады. Мұның физиологиялық мәні
вегетативтік әрекеттің қайта құрылуында (4-тарауда толық баян-
далады).

    Жаттықтыру кезінде жұмысқа қабілеттілікті қамтамсыз ету үшін
энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі арта-
ды. Әртүрлі қозғалыс үдерістерін орындағанда гипофиз-бүйрекүсті
бездерінің (симпато-адреналдық жүйенің) белсенділігі күшейеді.
Көптеген жағдайда атқарылған жұмыстың ауыртпалық дәрежесіне
сәйкес келеді. Өйткені бұл ішкі секреция бездерінің гормондары
адамның бейімделу әрекетін жүзеге асырады.

    Мәселен, жұмыс кезінде қанда тироксиннің мөлшері көбейеді.
Дене жүктемесінің ұзақ уақыт әсер етуі салдарынан қанда инсулиннің
мөлшері азаяды және оның ыдырауы күшейеді (16-сурет). Мыса-
лы, ОМП 65-70% тең қарқындылықты циклдік жаттығулар кезіндегі
қандағы инсулин деңгейін зерттеу барысында оның жаттығу бойы
уақыт артқан сайын біртіндеп төмендейтіндігін байқауға бола-
ды. Ал өсу гормоны, адреналин, норадреналин сияқты гормондар
деңгейлерінің ұзақ уақыттық дене жаттығуларын орындау бары-

           50

⇐ МАЗМҰНЫ
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55