Page 48 - indexf
P. 48

рынан бөлініп шығатын әлі толықтай анықталмаған факторлардың
обыр жасушаларының өсуі мен ұйқы безі қызметіне ықпал
ететіндігін дәледейді. Қаңқа бұлшық еттері бөліп шығаратын
көптеген белоктар бұлшық еттің жиырылуына байланысты. Дене
белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде миокиндердің синтезделмеуі
– отырықшы өмір салтын ұстану мен көптеген созылмалы ауру-
лар арасындағы байланыстың бір себебі. Авторлар: «Бұлшық ет
массасының азайып, висцералдық (ішкі) майлардың жинақталуы
инсулинрезистенттілікке, атеросклерозға, ісіктердің өсуі мен
нейродегенерацияға әкеліп, созылмалы аурулар кластері дамуына
әкеледі», – деген қорытындыға келген. Бұлшық еттердің миокиндерді
бөліп шығаруы – дене белсенділігінің мезгілсіз қазаның алдын ал-
уын түсінудегі молекулалық негіз болып табылады. Миокиндердің
ми қызметіне де жағымды ықпалы анықталған.

    Бұлшық ет организмдегі ең үлкен мүше, ал оны тірек-қимыл
жүйесінің белсенді бөлігі ретінде ғана емес, секрециялық әрі
иммуногендік мүше ретінде қарастыру ғалымдар қоғамы күн
тәртібіндегі өзекті тақырып.

Бұлшық ет қызметінің физиологиялық жүйелерге әсері

    Cпорт физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын
алады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру және қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру үшін үнемі жаттықтырудың мәні өте зор. Өйткені
жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек қайта құрады.
Жаттықтыру кезінде организм қызметінің дамуы мен оның жоғары
сатыға көтерілуі әртүрлі болады. Бұлшық еттер жұмысы энергия
шығынын көбейтеді. Мәселен, бұлшық еттің 70-90% қатысатын ауыр
жұмыстарда энергия шығыны 12-20 кДж/м, ал 30-60% қатысатын
жеңіл және орташа жұмыстарда 8-12 кДж/м-ге тең келеді. Бұлшық
еттің 5-15% қатысатын «отырып» атқаратын дене еңбектерінде энер-
гия шығыны (шамамен, 1-4 кДж/м) аз болады. Энергия шығынының
мөлшері интегралды көрсеткіш болғандықтан, ол еңбек және спорт
физиологиясында жиі қолданылады.

    Дененің энергия шығыны бұлшық еттер қызметінен ғана тумай-
ды, оған адамның эмоциялық күйі де әсер етеді. Ол организмнің
негізгі зат алмасу деңгейін қалыптағыдан 10% көтереді. Дене

           48

⇐ МАЗМҰНЫ
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53