Page 493 - indexf
P. 493

ойындар қимыл реакцияларының, қозғалыс координациясының да-
муына әкелетін қозғалыстардың салыстырмалы (допты соғу, секіру
және т.б.) алуан түрлілігімен сипатталады. Дегенмен, қозғалыс
алаңының шектеулі болуы, әсіресе, жаңа бастаған ойыншылар-
да дене сапаларының, соның ішінде төзімділіктің дамуында бұл
ойындардың маңыздылығын төмендетеді. Есесіне жүктеменің аса
ауыр еместігі мен бастапқы техникалық амалдардың күрделі болма-
уынан бұл ойындар ерлер мен әйелдер, жасы мен дене дайындығы
әртүрлі адамдар (егде жастағылар) арасында да кең қолданысқа
ие. Бұл ойындарға балаларды 8-9 жастан баули бастауға болады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша бұл ойындар емдік дене
шынықтыруда да пайдаланылады (14-тарауда толық баяндалған).

    Екінші топқа – баскетбол, гандбол (қол добы) жатады. Бірінші
топтан қозғалыстың сан алуан болуымен, қарқындылығымен (жыл-
дам жүгіру, секіру, түрлі жағдайларда допты қағып алу, лақтыру
және т.б.), ойын жағдайының жиі әрі тез өзгеруімен, алаңда
ойыншылардың жылдам орын ауыстыруымен ерекшеленеді.
Мұның барлығы шапшаңдық, ептілік, күш және дене төзімділігін,
яғни жан-жақты дене дамуын қамтамасыз етеді. Бұл топтағы ой-
ындар жастары қырықтан аспаған ерлер мен әйелдерге арналған,
өйткені жылдамдықты және күштік қозғалыстардың көп болуы,
жылдам темп пен қозғалғыштық барынша дене жүктемесін туды-
рады (74-суретті қараңыз). Жасөспірімдерді ойын техникасымен
үйретуді 9-10 жастан, ал жаттықтыруды 11-12 жастан бастауға бо-
лады.

    Үшінші топқа – футбол, хоккей сияқты кең тараған ерлердің
спорттық ойындары жатады. Сонымен қатар регби, су полосы жа-
тады. Бұл ойындардың ерекшелігі жылдамдықты-күштік сипаттағы
қозғалыстардың басым болуы. Сәйкесінше, бұл топтағы ойындар
басқа топтағы қаңқа бұлшық еті мен бұлшық ет күшін, сонымен
қатар жалпы дене төзімділігін дамытады. Сонымен қатар ерік са-
пасын (батылдық, табандылық және т.б.) тәрбиелеуге септігі мол.
Ойынның жалпы сипаты, ауыр дене жүктемесі оның тек жас ер адам-
дар үшін (36-38 жас) қолайлы екендігін көрсеттеді. Жасөспірімдерге
10-11 жастан бұрын ойынның амалдарын үйретуді бастамау керек.

    Спорттық ойындар дене тәрбиесінің негізгі құралдарының
арасында айтарлықтай орын алады. Жүйелі түрде жаттығу мен
спорттық ойындар бойынша жарыстар кезінде дәрігелік бақылау

           493

⇐ МАЗМҰНЫ
   488   489   490   491   492   493   494   495   496   497   498