Page 62 - indexf
P. 62

Бұлшық ет жиырылуы типтеріне байланысты дене
жаттығуларының жіктелуі. Жаттығуды орындауға қатысатын
негізгі бұлшық еттердің жиырылу түрлеріне байланысты барлық
дене жаттығулары статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене бір орыннан екінші
орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене
қозғалыссыз қалса, статикалық жұмыс деп аталады.

    Статикалық (қозғалмайтын) жаттығуларға мысалы, гимнас-
тардағы буынға тұрғанда, атқыштарда ату сәтіндегі белгілі қалыпты
сақтау жатады.

    Динамикалық (жылжымалы) жаттығуларға, көптеген дене
жаттығулары жатады. Мысалы, жүру, жүгіру, жүзу және т.б.
қозғалыстардың барлық түрлері.

    Бұлшық ет жиырылуының күші немесе қуаттылығына бай-
ланысты дене жаттығуларының жіктелуі. Дене жаттығуларын
жетекші бұлшық ет топтарының жиырылу күші бойынша жіктеуде
бұлшық ет жиырылуындағы екі тәуелділікті («күш-жылдамдық»
және «күш-ұзақтық») ескерген жөн. «Күш-жылдамдық» тәуелді-
лігіне сәйкес динамикалық жиырылу кезінде пайда болған күш
бұлшық еттің қысқару жылдамдығына (орын ауыстырылған дене
бөлімдерінің қозғалыс жылдамдығына) кері пропорциялы, яғни
неғұрлым бұл жылдамдық артқан сайын күштің көрінуі көместеу
болып келеді. Бұл тәуелділікті басқадай былайша түсіндіруге бола-
ды: неғұрлым сыртқы күш (кедергі, салмақ) артқан сайын соғұрлым
қысқару (қозғалыс) жылдамдығы төмен және көрінген күш жоғары
болады, керісінше, неғұрлым сыртқы жүктеме аз болған сайын
соғұрлым қозғалыс жылдамдығы жоғары және бұлшық ет күші
төменірек болады. Бұлшық еттің жиырылуына байланысты күштің
тууы оның қуаттылығын анықтайды (20-сурет).

    Бұлшық еттің «күш-ұзақтық» тәуелділігі бойынша неғұрлым
күш (немесе қуаттылық) артқан сайын соғұрлым шекті ұзақтық
қысқа болып келеді. Бұл локалды (жергілікті) және аймақтық
статикалық пен динамикалық жұмыстармен (21-сурет) бірге
ауқымды жұмыстарға (22-сурет) да тән.

    Жүктеме мөлшеріне, яғни бұлшық ет жиырылуының күші мен
қуаттылығы және олармен байланысты жұмыстың шекті ұзақтығы
бойынша барлық дене жаттығуларын: күштік, жылдамдықты-күштік
(қуаттылық) және төзімділік жаттығулары деп 3 топқа бөлуге бола-
ды (19-сурет).

    Күштік жаттығуларға көп сыртқы кедергінің әсер етуімен бір-

           62

⇐ МАЗМҰНЫ
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67