Page 64 - indexf
P. 64

Күш күштік жаттығулардың табысты орындалуын анықтайтын
негізгі қозғалыс сапасы болып табылады.

    Жылдамдықты-күштік жаттығуларға жетекші бұлшық
еттер бір мезгілде салыстырмалы жоғары жиырылу күші мен
жылдамдықты, яғни жоғары қуаттылықты көрсететін динамикалық
жаттығулар жатады. Бұлшық еттік жиырылудың максималды
қуаттылығы жүктеме әсер етпеген бұлшық еттер үшін максимал-
дыдан 30%-ға жуық қысқару жылдамдығы кезінде бұлшық еттердің
максималды белсендірілуі жағдайында көрінеді. «Күш-жылдамдық»
қисық сызығында жылдамдықты-күштік жаттығулар максимал-
ды жылдамдықтан 50-60%-ға дейін ортаңғы орындарды алады
(20-суретті қараңыз). Бұлшық еттердің максималды қуаттылығын
максималды (статикалық) күштің 30-50%-ын құрайтын сыртқы
кедергінің (жүк) әсер етуі кезінде дамытады. Бұлшық ет жиыры-
луы қуаттылығы жоғары жаттығулардың шекті ұзақтығы бұлшық ет
жиырылуы қуаттылығына (жүктеме) кері тәуелділікте 3-5 секундтан
1-2 минутқа дейінгі диапазонда болады.

    Қуат жылдамдықты-күштік жаттығуларда маңызды рөл
атқарады.

           40 50 60 70 80 90

21-сурет. Жұмыстың шекті ұзақтығының локалды статикалық жұмыс
  кезіндегі (А) жиырылу күшіне және локалды динамикалық жұмыс
       кезіндегі (Ә) қуаттылыққа (қозғалыс жиілігіне) тәуелділігі
                               (Я. М. Коц бойынша)

                              64

⇐ МАЗМҰНЫ
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69