Page 66 - indexf
P. 66

жылдамдығымен (мл О2/мин) немесе МЕТ-пен (метаболизмдік эк-
вивалент, яғни толық жатқан қалыптағы дене салмағының 1 кг-на
1 минуттағы пайдаланған оттегі мөлшері, 1 МЕТ=3,5 мл О2 кг/мин)
өлшенеді.

    Жалпы энергиялық шығын – жаттығудың барлығын тұтасымен
орындау кезінде шығындалған энергия мөлшері. Жалпы энергиялық
шығын (жаттығудың жалпы энергиялық құндылығы) жаттығуды
орындау уақытына орташа энергиялық қуаттың өндірілуі ретінде
анықталуы мүмкін.

    Жүгіру кезінде белгілі шекте бірдей арақашықтықты ұстауға
жұмсалған жалпы энергиялық шығын жылжу жылдамдығына
тәуелді емес. Өйткені жылдамдықтың (энергиялық қуаттылықтың)
артуы кезінде сол арақашықтықты ұстау уақыты төмендейді, ал
жылдамдықтың төмендеуі кезінде, керісінше, артады. Демек, уақытқа
энергиялық қуаттылықтың өндірілуі, яғни жалпы энергиялық
шығын өзгеріссіз қалады. Бірдей арақашықтықты ұстап тұруда жал-
пы энергиялық құндылық жүгіру кезінде жүру кезіне қарағанда
жоғары болады (сағатына 8 км-ге жуық жылдамдыққа дейін): жүру
кезінде арақашықтықтың әр километріне әйелдердің дене салмағына
орташа 0,72 ккал/кг шығындалса, ерлердің дене салмағына 0,68
ккал/кг жұмсалады, ал жүгіру кезінде бұл көрсеткіштер сәйкесінше,
әйелдерде 1,08 және ерлерде 0,98 ккал/кг көрсетеді.

    Дене жаттығуларын энергиялық құндылық көрсеткіштері бо-
йынша жеңіл, қалыпты (орташа), ауыр және өте ауыр деп жіктейді
(1-кесте).

                                                                              1-кесте
   Әртүрлі жастағы ер адамдар мен әйел адамдардың энергия
шығыны бойынша (ккал/мин) дене жаттығуларының жіктелуі

Жынысы       Жеңіл   Қалыпты     Ауыр    Өте ауыр
және жасы   жаттығу  (орташа)  жаттығу   жаттығу
                     жаттығу

Ер адамдар  4,2      4,3-8,3   8,4-12,5  > 12,5
   20-29

30-39       3,9      4,0-7,8   7,9-11,7  > 11,7

40-49       3,7      3,8-7,1   7,2-10,7  > 10,7

50-59       3,2      3,3-6,3   6,4-9,5   > 9,5

60-69       2,5      2,6-5,0   5,1-7,5   >7,5

                     66

⇐ МАЗМҰНЫ
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71