Page 65 - indexf
P. 65

Төзімділікке байланысты жаттығуларды орындау кезінде
жетекші бұлшық еттердің жиырылу күші мен жылдамдығы өте
жоғары болмаса да, бірақ оларды бірнеше минуттан бірнеше
сағаттарға дейін (бұлшық ет жиырылу күші немесе қуаттылығынан
кері тәуелділікте) ұзақ уақыт барысында ұстап тұруға немесе
қайталауға қабілетті болып келеді. Төзімділік – осы топ жаттығу-
лары үшін жетекші дене сапасы болып табылады (Күштік
жаттығулар, жылдамдықты-күштік жаттығулар, төзімділікке байла-
нысты жаттығулар туралы толығымен 7-тарауда баяндалады).

     22-сурет. Рекордтық (шекті) уақыттың жүгіру (Ж), жүзу (ЖЗ) және
       конькимен жүгіру (К) жылдамдығына тәуелділігі қисық сызығы
                                (В. С. Фарфель бойынша)

          Дене жаттығуларының энергиялық сипаттамасы

    Энергиялық құндылық жаттығулардың маңызды сипаттамасы
болып табылады. Дене жаттығуларының энергиялық құндылығын
анықтау үшін:

    1. Энергиялық қуаттылық;
    2. Жалпы энергиялық шығын сияқты 2 көрсеткіш қолданылады.
    Энергиялық қуаттылық – жаттығуды орындау кезіндегі уақыт
бірлігіне орташа шығындалған энергия мөлшері. Олар көбінесе,
физикалық бірліктермен: ватт, ккал/мин, килоджоул/мин, со-
нымен қатар «физиологиялық» бірліктермен: оттегі пайдалану

                                       65

⇐ МАЗМҰНЫ
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70