Page 68 - indexf
P. 68

Аймақтық    0,7-1,2  1,2-1,7   2-кестенің жалғасы
 (бір қолмен                                1,7-2,2
орындалатын)  1,5-2,0
              2,5-4,0  2,0-2,5    2,5-3,0
  Аймақтық             4,0-10,0  10,0-15,0
 (екі қолмен
орындалатын)

  Ауқымды

    Жаттығу ауырлығын энергиялық бағалау барысында жаттық-
паған адамдар мен жоғары дәрежеде жаттыққан спортшылар ара-
сында айтарлықтай үлкен айырмашылықтар орын алған. Спорт-
шылар энергия жұмсалуы бойынша жаттықпаған адамдар орындай
алмайтын жүктемелерді орындай алуға қабілетті келеді.

    Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, сол бір дене
жаттығуының ауырлығы оның орындалу жағдайларына байланыс-
ты, әйткенмен де оның энергиялық құндылығы тура сол қалыпты
жағдайдағы немесе соған дерлік болса да, мысалы, таулы жерлерде
немесе жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайларында
айтарлықтай көп өзгереді.

    Сонымен, жаттығулар ауырлығын тек энергиялық критерий
бойынша бағалау жеткіліксіз болады. Сондықтан дене жаттығуларын
көптеген жіктеулерде энергиялық сипаттамасымен бірге басқа
бірнеше физиологиялық көрсеткіштер де (оттегі пайдалану
жылдамдығы (ОМП), жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), өкпе
желденуі немесе вентиляциясы (ӨВ), дене температурасы, тыныс
коэффиценті (ТК), қандағы сүт қышқылының мөлшері және т.б.)
ескеріледі.

          Спорттық жаттығуларды физиологиялық жіктеу

    Барлық спорттық жаттығуларды екі үлкен топқа бөлуге бола-
ды. Бірінші топ жаттығуларына жетекші физиологиялық жүйелер
қызметінің белсенуі мен күш, жылдамдық немесе төзімділік
сияқты қозғалыс сапаларының көрінуін талап ететін өте үлкен дене
жүктемелері тән. Мұндай жаттығуларға жеңіл атлетиканың барлық
түрлері, жүзу, шаңғы мен коньки тебу спорты, ескек есу, спорттық
ойындар, жекпе-жек және т.б. жатады. Ал екінші топқа автомото-

                                       68

⇐ МАЗМҰНЫ
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73