Page 69 - indexf
P. 69

спорт, желкен, шана, желкерме, ат, авиапланер және дельтапла-
нер ісі сияқты техникалық жаттығулар жатады. Бірінші топтағы
жаттығулардың көпшілігін орындау кезінде кеңістікте спортшының
орын ауыстыруы негізінен ішкі (бұлшық еттік) күштердің есебінен
іске асырылады. Ал техникалық жаттығуларды орындау кезінде
спортшының орын ауыстыруына сыртқы (бұлшық еттік емес)
күштер ең басты ықпал жасайды. Мысалы, автоспортта – машина
двигателі, шана, желкерме спортында – тартылыс күштері, жел-
кен, авиапланер және дельтапланер ісі спортында – ауа ағымы
күштері әсер етеді. Техникалық жаттығуларда үлкен табыстарға
жету техникалық құралдарға (ат спортында – аттың жаратылуына,
сапасына) және оны меңгеру дәрежесіне өте көп байланысты. Бұл
спорттық жаттығулар спортшыларда арнайы психофизиологиялық
зейін, реакция жылдамдығы, қозғалыстың нақты координациясы,
т.б. сияқты қызметтердің жоғары дамуын талап етеді. Сонымен бірге
техникалық спорт түрлері жаттығулары ережеге сәйкес энергиялық
және бұлшық ет жүйесіне, вегетативтік қамтамасыз етілу жүйесіне
және де күш, қуат және төзімділік сияқты дене сапаларына шекті
талаптар қоймайды.

                          Циклдік

Максималды анаэробтық  НА          Максималды аэробтық
        қуаттылық      АЭ                 қуаттылық
                       Э
 Максималдыға жуық     Р  Р         Максималдыға жуық
анаэробтық қуаттылық   О  О         аэробтық қуаттылық
                       Б  Б
    Субмаксималды      Т  Т            Субмаксималды
анаэробтық қуаттылық                аэробтық қуаттылық
                       ЫЫ
                                      Орташа аэробтық
                                          қуаттылық

                                         Аз аэробтық
                                          қуаттылық

    Бірінші топ жаттығуларын жалпы қозғалыс (кинематикалық)
сипаттамасына, яғни уақытпен өту сипатына байланысты циклдік
(тізбекті) және ациклдік (тізбекті емес) деп жіктейді (сызбанұсқада
көрсетілген).

                                       69

⇐ МАЗМҰНЫ
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74