Page 70 - indexf
P. 70

Ациклдік жаттығулар

Жарылыстық  Стандартты       Стандартты емес   Интервалды-
               үзілісті              үзілісті     қайталау

    Локомоторлық (орын ауыстыру) сипатты циклдік жаттығуларға
жүгіру, жүру, конькимен, шаңғымен жүгіру, жүзу, ескек есу, вело-
сипед тебу жатады. Бұл жаттығуларға қозғалыстың стереотипті
циклдерінің көп рет қайталануы тән. Мұнда қозғалыстың тек жалпы
бейнесі ғана емес, сонымен бірге жүктеменің орташа қуаттылығы не-
месе арақашықтық бойынша спортшының (велосипед, қайық) орын
ауыстыру жылдамдығы да салыстырмалы тұрақты болады. Бұған
өте қысқа циклдік жаттығулар және кез келген арақашықтықтың
бастапқы кезі, яғни орын ауыстыру жылдамдығы айтарлықтай
өзгеретін қарқын кезеңі қатысты емес. Басқаша айтқанда, циклдік
жаттығулар – құрылымы және қуаттылығы салыстырмалы тұрақты
жаттығулар.

    Ациклдік жаттығуларға орындау барысында қозғалыс белсенді-
лігі сипаты тез өзгеретін жаттығулар жатады. Жаттығулардың бұл
түріне барлық спорттық ойындар, спорттық жекпе-жектер, лақтыру
мен секіру, гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар, су
мен тау шаңғысы, конькимен мәнерлеп сырғанау кіреді. Соны-
мен қатар ациклдік жаттығуларға олардың орындалу барысын-
да қуаттылығының шұғыл өзгерістері тән. Бұған тек жарыс ғана
емес, онымен бірге жаттықтыру жаттығулары да, мысалы, түрлі
жылдамдықпен біртұтамдап орындалатын қайталама жүгіріс жата-
ды.

    Техникалық жаттығулардан басқа жаттығулардың маңызды
жіктемелік сипаттамасы олардың қуаттылығы болып саналады.
Олардың циклдік жаттығуларда салыстырмалы тұрақты екендігін
ескере отырып, оларды жаттығудың орындалуының кез келген уақыт
біртұтамында орташа қуаттылығы бойынша жіктеуге болады.

    Ациклдік жаттығулар орындалу барысында неғұрлым
белсенділігі (қуаттылығы) жоғары – жұмыс кезеңдерінен және толық
демалысқа (нөлдік қуаттылыққа) дейін белсенділігі салыстырмалы

                         70

⇐ МАЗМҰНЫ
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75