Page 15 - indexf
P. 15

доминиум мәселелерiн шешуге қатыспайды. Сонымен қатар, ол
ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты
бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi болып са-
налмайды.

    Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті
атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне
жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы, лауазым-
ды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тексеру
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырыла-
ды.

    Жеке немесе бөлек меншіктегі әлде өзге де заттай құқықтағы кон-
доминиум объектісінің құрамындағы әрбір кейінгі объект жылжы-
майтын мүліктің жекелеген объектісі ретінде қаралады. Оған дербес
кадастрлық нөмір беріледі.

    Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін кейінгі объектілерге
құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін
және сәйкестендіру құжаттары талап етілмейді. Кейінгі объектіге
құқықтарды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жер
учаскесіне құқықтардағы үлес сатып алуға жататын жағдайларда не-
месе оны иеліктен айырған жағдайда кондоминиум қатысушысы жер
учаскесіне құқығындағы үлесін сатып алғанын растайтын құжатты
ұсынуға тиіс.

     Бақылау сұрақтары:

     1.	 Жылжымайтын мүлік объектісі дегеніміз не?
     2.	 Жылжымайтын мүлік объектісіне қандай ерекшеліктер тән?
     3.	 Жылжымайтын мүлік объектілері қандай белгілері бойынша

          жүйеленеді?
     4.	 Жылжымайтын мүлік объектілері қандай түрлерге бөлінеді?
     5.	 Кондоминиум дегеніміз не?
     6.	 Пайдалану сипатына байланысты жылжымайтын мүліктер қандай

          түрге бөлінеді?
     7.	 Кондоминиум объектісін тіркеу қалай жүзеге асырылады?

           15

⇐ МАЗМҰНЫ
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20