Page 143 - indexf
P. 143

Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық
олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.

    Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер
учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жал-
пы мүлікте үй-жайдың, ғимараттың бір бөлігінің әрбір меншік иесінің
үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.

    Бұл ретте:
    1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін
жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген
кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық
салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс;
    2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес
ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін
жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген
кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық
салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс.
    Салық Кодексінің 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке
тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табыла-
ды.
    Мемлекет тарапынан әлеуметтік жағынан қолдауға ие азаматтар
және Отанға көп еңбек сіңірген азаматтар жеке тұлғалардың мүлiк
салығын төлеуден босату және басқадай жеңілдіктер қарастырылған.
Оларға: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi,
«Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған,
үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған
адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен
наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер; Ұлы
Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар,
I және II топтағы мүгедектер және Салық кодексінің 403-ші бабында
көрсетілген жеке тұлғалар.
    Салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде
болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, сая-
жай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-
жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пай-
далану күнінен бастап, егер олар жеке тұлғаларға меншік құқығымен
тиесілі болатын болса, мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
    Жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойын-
ша салық салу объектілерінің құны, салық базасы болып табылады.
Олар келесі тәртіппен анықталады:

           143

⇐ МАЗМҰНЫ
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148