Page 138 - indexf
P. 138

лыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда
және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомствола-
ры жүзеге асырады.

    Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесін жүргізудің және
пайдаланудың тәртібі нақты түрде белгіленген.    

    Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды
жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөніндегі өзара іс-қимылының
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 12 қыр-
күйектегі №798 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың
құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат ал-
масуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесіне» сай анықтайды.

    Бұл ереже мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуін ұйымдасты-
руды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органға, сәулет, қала құрылы-
сы және құрылысы істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға,
сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметімен сабақтас болып табы-
латын мәселелер бойынша олардың арнайы өкілеттіктерінің шегінде
өзге де орталық атқарушы органдарға, олардың арнайы өкілеттіктері
шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарына, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға,
жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеруді
жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға, тіркеуші органдарға
қолданылады.

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»
заңның 12-бабына сәйкес құқықтық кадастрдың құрамы қалыптасады.

    Құқықтық кадастр:
    1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан;
    2) тіркеу кітабынан;
    3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке
алу кітабынан;
    4) тіркеу істерінен;
    5) азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу
кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар немесе
ауыртпалықтар туралы мәліметтерді есепке алу кітабынан;
    6) ақпараттық жүйеден тұрады.
    Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабын
тіркеуші органдар жылжымайтын мүлікке құқықтардың, құқықтар
ауыртпалықтарының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және
өзге де тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеуге берілген өтініштердің
арасындағы басымдықты есепке алу және белгілеу мақсатында

жүргізеді.

           138

⇐ МАЗМҰНЫ
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143