Page 139 - indexf
P. 139

Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына
енгізілген өтініштердің арасындағы басымдық мемлекеттік тіркеуге
өтініш берілген күні, сағаты және минуты бойынша белгіленеді.

    Тіркеу кітабы жылжымайтын мүлік объектілеріне толтырылатын
тіркеу парақтарынан тұрады. Жекелеген тіркеу парақтары жылжы-
майтын мүліктің мынадай объектілеріне:

    1) жер учаскесіне;
    2) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне;
    3) онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен
бірге жер учаскесіне толтырылуы мүмкін.
    Тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жүргізіледі және онда құқық
белгілейтін әрі тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да
құжаттардың көшірмелері, оның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатының, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық
паспорттардың көшірмелері, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы
объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның
құжаттары және электрондық құжаттардың қағаздағы көшірмелері
қамтылады.
    Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік
объектісінің әрбір кейінгі объектісіне жеке тіркеу ісі жүргізіледі
    Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу
кітабы «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесіне» сай толты-
рылады. Оны, тіркеуші органдар, келіп түсетін сұрау салуларды және
құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында
жүргізеді.
    Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат ту-
ралы құқықтық кадастрдан мәліметтер беру және жеке немесе заңды
тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары
туралы жинақталған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару
жөніндегі құжаттардың тiркеушi орган куәландырған көшірмелері
құқық иесiнiң немесе уәкiлеттi өкiлдiң сұрау салуы бойынша, басқалай
органдардың дәлелді сұрау салуы бойынша берiледi.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті
шарты ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын
мемлекеттік техникалық тексеру болып табылады. Жылжымайтын
мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, бұл үйлердің, ғимараттардың
және олардың құрамдастарының құқықтық кадастрды жүргізу үшін
қажетті техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын айқындау болып
табылады. Бұл қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Қазақстан

           139

⇐ МАЗМҰНЫ
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144