Page 142 - indexf
P. 142

туындаған құқықтарды, жүйелі тіркеу болып саналады. Жылжымай-
тын мүлікке бұрын туындаған құқықтарды жүйелі тіркеу құқық иесінің
өтініш беруі және бұрын туындаған құқықтар туралы нақты деректерді
басқа ақпараттық жүйелерден аудару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    Кейбір жағдайларда жүйелі тіркеуді жүзеге асыру ерекшеленеді.
    Егер бастапқы немесе кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне
құқықтарды тіркеу туралы өтініш берген құқық иесінде жер учаскесіне
құқық белгілейтін құжат болмаса тіркеуші органдар жылжымай-
тын мүлік объектілеріне бұрын туындаған құқықты есептік тіркеуді
жүргізуге міндетті. Құқық иесінде жер учаскесіне құқық белгілейтін
құжат болмаған кезде оған құқықтарды ресімдеу белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
    Тіркеу үшін құқық иесі ескі үлгідегі актіні немесе бұрын
қолданылған заңнамаға сәйкес жер учаскесіне құқықтардың туында-
уын растайтын өзге де құжатты және жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын ұсынады. 
    Мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгеннен кейін және 1997 жылы
тіркеу органдары құрылғанға дейін жылжымайтын мүлікті бағалау
мен тіркеу жөніндегі органдар жүргізген мемлекеттік тіркеудің заңдық
күші болады.

12.2 Жылжымайтын мүлікке салынатын салық түрлері

    Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына
тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.

    Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы
тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты
кезеңi үшiн есептеледi.

    Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi
бойынша жүргiзiледi.

    Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа
санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы
жер салығы – осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар
бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген
ставкалар бойынша алынады.

    Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң бал-
дарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi
шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып
айқындалады.

           142

⇐ МАЗМҰНЫ
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147