Page 141 - indexf
P. 141

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құқық
иесінің, мәміле тараптарының, мемлекеттік органның немесе өзге
де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде
жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші оның жеке басын
куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:

    1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
    2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және жер учас-
кесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін
және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды;
    3) өтініш берушінің және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке
басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
    4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым
төлегенін растайтын құжатты және өзге де құжаттарды ұсынуға тиіс.
    Заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа
құрылтай құжаттарын ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар сауда
тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет
мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын
куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі
және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тіркеуші
органға өтініш келіп түскен кезден бастап, он бес жұмыс күні ішінде
жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге
ұсынылған құжаттар Заңның 30-бабына сай тексеріледі.
    Тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру – құжаттардың, сондай-ақ
құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымай-
тын мүлікке құқық, олардың туындау, өзгеру, тоқтатылу негіздерінің
заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүзеге асыры-
лады.
    Осы тексеру нәтижелері бойынша, тіркеуші орган мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру не мемлекеттік тіркеуден бас
тарту туралы шешім қабылдайды және тіркеуші органның тексеру
жүргізген жауапты қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ
оны өткізген күнін көрсете отырып, өтінішке тиісті белгі қояды.
    Мемлекеттік тіркеу жүргізілгендігі куәлік беру арқылы
куәландырылады.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйесі
енгізілгенге дейін туындаған және егер олар туындаған сәтте
қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, жарамды болатын жылжымай-
тын мүлікке құқықтарды есептік тіркеу, құқықтық кадастрда, бұрын

           141

⇐ МАЗМҰНЫ
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146