Page 140 - indexf
P. 140

Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Мемлекеттік техникалық тексеру бастапқы және кейінгі зерт-
теуді, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың
құрамдастарына кадастрлық нөмір беруді қамтиды. 

    Бастапқы тексеру жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке
жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектісін бастапқы тексеру
нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалады. 

    Кейінгі тексеру ғимараттарды, құрылыстарды немесе оның
құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау
нәтижесінде олардың техникалық және сәйкестендіру сипаттама-
лары өзгерген кезде, осындай сипаттамалардың өзгеруі техникалық
паспортта кейінгі тексеру жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын
жағдайларды қоспағанда, оның ішінде кадастрлық нөмірі, мекенжайы,
мекенжайдың тіркеу коды өзгерген кезде жүргізіледі.

    Кейінгі тексерудің нәтижелері бойынша анықталған өзгерістер
көрсетілетін техникалық паспорт ресімделеді.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері
Заңның 20-34 баптарына сай іске асырылады.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай
тәртіппенжүргізіледі:

    1) мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау;
    2) жасалатын мәміленің және жылжымайтын мүлікке құқықтар-
дың, құқықтар ауыртпалықтары туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына
негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің заңдылығын неме-
се мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда,
мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы
заңнамаға сәйкестігін тексеру;
    3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу немесе Заңда көзделген
жағдайлар бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны
тоқтата тұру туралы жазба енгізу;
    4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу тура-
лы жазба жасау;
    5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты,
немесе Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден
бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген
жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтар, электрондық түрде, Мемлекеттік
тіркеу туралы заңның 20-бабына сай тіркеледі.

           140

⇐ МАЗМҰНЫ
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145