Page 202 - indexf
P. 202

дұрыстығын және негізділігін белгiлеуге, сондай-ақ жобалардың
сапасын олардың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделерді,
адамның тiршiлiк етуiне қолайлы және қауiпсiз жағдайлар жасауды,
жобаланып отырған объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз
етуге бағытталған, қала құрылысы мен техникалық регламенттерге,
мемлекеттiк нормативтердiң шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн не
сәйкес еместiгiн белгiлеу жолымен бағалауға келiп саяды;

    Жұмыс комиссиясы – нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау ко-
миссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi бағалау
жүргiзетiн уақытша алқалы орган;

    Жол – көлік құралдарының  қозғалысына арналған мемлекеттік
есепке алынатын және инженерлік құрылыстар кешені болып табыла-
тын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы, шаруашылық
автомобиль жолы, елдімекен көшесі. Жолға бір немесе бірнеше жүру
бөлігі, сондай-ақ, трамвай жолы, жаяусоқпақтар, жолдың жиегі мен
бар болған жағдайда бөлу жолағы кіреді;

    Жол санаты – көлік құралдары қозғалысының есептік
қарқындылығына байланысты автомобиль жолдарының жеке
учаскелердегі немесе бүкіл бойындағы жіктеуіші;

    Жылжымайтын мүлік объектілері – жерге тығыз байланысты,
яғни олардың нысанды  қолданылуына еселеусіз зиян келтірілмей орын
ауыстыру мүмкін болмайтын жер учаскелер, ғимараттар, құрылыстар;

    Жылжымайтын мүлік объектілерінің кешені – бірыңғай
жер учаскесінде орналасқан ғимарат, құрылыс, инженерлік желілер
жиынтығы;

    Жапсыра салған объектілер – негізгі тұрғын үй ғимаратымен
функционалдық жағынан байланысты болмаған, негізгі ғимараттың
төменгі қабаттарына жанасқан жеке орынжайлар (орынжайлар тобы);

    Жапсарластыра салынған орынжай – тұрғын үй ғимараты
көлемінде жеке кіретін жері ұйымдастырылған қоғамдық мақсаттағы
орынжай;

    Жапсарластыра-жанастыра салынған орынжай – негізгі
ғимаратқа жанастыра салынған және оның бөлігіне жапсарластыра
салынған үй-жай;

    Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау
– жеке нөмір бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-
аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін анықтау
және елдімекен мен елді мекеннің құрам бөлігіне жатқызу;   

    Жылжымайтын мүлік – қозғалмайтын объектілер: жер учаскелері,
ғимараттар, құрылыс, көп жылдық екпелер және жермен тығыз бай-

           202

⇐ МАЗМҰНЫ
   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207