Page 211 - indexf
P. 211

–– Пайдалану құқығы дегенiмiз – мүлiктен оның пайдалы табиғи
         қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде
         қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге
         нысандарында болуы мүмкiн.

    –– Билiк ету құқығы дегенiмiз – мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын
         белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

    Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік
кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;

    Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді
пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда,
мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;

    Мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығымен
тиесілі және коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік
кәсіпорынның тұрғын үй қорына, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің
тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлер;

    Н
    Нарықтық емес база – нарық қатысушыларының сатып алу
қабілетіне емес немесе нарықтың айрықша немесе әдеттегіден бөлек
шарттарындағы тиімділігіне емес, экономикалық пайдалы екендігіне
немесе мүліктің функцияларына негізделетін нарықтық базадан
ерекшеленентін бағалау құнының қағидалары; 
    Нарықтық құн – мәмiле жасасушы тараптар бағалау объектiсi
туралы қолжетiмдi барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететiн,
бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен
шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәмiленiң
бағасына:
    –– мәмiле жасасушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен

         шығаруға, ал екiншi тарап сатып алуға мiндеттi болмағанда;
    –– мәмiле жасасушы тараптар мәмiленiң нысанасы туралы жақсы

         хабардар болып, өз мүдделерiне әрекет еткенде;
    –– мәмiленiң бағасы бағалау объектiсi үшiн ақшалай сыйақының

         баламасы болып табылса және мәмiле жасасушы тараптарға
         қатысты қандай да бiр тараптан мәмiле жасауға мәжбүрлеу
         болмағанда, қандай да бiр төтенше жағдайлар әсер етпейдi
    Нақты жоспарлау жобасы (НЖЖ) – қаланың немесе селолық елді
мекеннің жекелеген бөліктері және үшін, ал қажет болған жағдайда –
тұрғындарының саны 50 мың адамға дейін жететін шағын қалалардың
немесе селолық елді мекеннің бүкіл аумағы үшін әзірленетін қала

құрылысы құжаттамасы. Бұл ретте НЖЖ бас жоспармен қосарланады.

НЖЖ елді мекеннен тыс жерде орналасқан аумақта да әзірлене алады;

           211

⇐ МАЗМҰНЫ
   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216