Page 55 - indexf
P. 55

●● кезеңдер бойынша құрылысқа рұқсатты;
    ●● жобалау, жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес объектiнiң

         орналасқан жерiнiң көрсетiлуi мен сипаттамасын;
    ●● құрылыстың кезеңдерi және оны аяқтау мерзiмдерi туралы

         мәлiметтердi;
    ●● бас мердiгердiң атауын, осы саладағы жұмыс тәжiрибесiн,

         лицензиясының бар-жоғын, ол бас мердiгер болып әрекет
         етiп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері тура-
         лы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негiзгi мәлiметтердi
         қамтиды.
    Құрылыс салушы мен жобалау компаниясының қызметін
облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары бақылайды.
    Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нысаны
және міндетті талаптары, оның 9 бабына сәйкес анықталады. Тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу туралы шарт Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде жазбаша нысанда жасалады,
ол есепке алынуға жатады және осы есепке алу кезінен бастап жасалған
болып есептеледі. Мұның өзі, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
туралы шарттың маңызды және міндетті құжат екендігін көрсетеді.
Өйткені ол жылжымайтын мүлікті қаражаттандыруға қатысушылар-
дың арасындағы қатынастарды белгілі бір ережелерге бағындырады.
Бұл келісімшартсыз болашақта тұрғын үйге әлде тұрғын жайға меншік
құқығы рәсімделмейді.
    Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың
міндетті талаптары төмендегідей:
    ■■ тұрғын үйді, тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат алғаннан
         кейін жобалау компаниясының үлескерге беруіне жататын оның
         тұрғын үйдегі, тұрғын жайдағы үлесін, жобалау әлде жобалау-
         сметалық құжаттамасына сәйкес үлескер үшін айқындау;
    ■■ жобалау компаниясының үлескерге тұрғын үйдегі, тұрғын
         жайдағы үлесті беру мерзімі;
    ■■ шарттың бағасы, яғни үлескердің банк шотының шарты бойын-
         ша үлескер депозитіне енгізуіне жататын, тұрғын және тұрғын
         емес үй-жайдың жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін
         есептік негізге алынған ақша сомасы;
    ■■ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша
         салынған тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім;
    ■■ сәулеттік жобалау, жобалау-сметалық құжаттамасының тұрғын
         жайдағы үлескерге берілуге жататын тұрғын үй-жайға қатысты

           55

⇐ МАЗМҰНЫ
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60