Page 54 - indexf
P. 54

– құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
шартта көзделген мерзімде тұрғын жай құрылысын ұйымдастыруға
және жобалау, жобалау-сметалық құжаттамасы мен тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген құрылыс
объектісі көрсеткіштері сапасының кепілдікті мерзім бойына сақтал-
уын қамтамасыз етуге міндеттенеді;

    – жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ту-
ралы шартта белгіленген мерзімде тұрғын жайды салуға және оны
пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін үлескерге тұрғын үйдегі не-
месе тұрғын жайдағы тиісті үлесін беруге міндеттенеді;

    – үлескер, банк шоты шартын жасасуға және үлескердің
депозитіне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта
келісілген мөлшерде және тәртіппен ақша енгізуге және тұрғын жай-
ды пайдалануға беруге рұқсат болған кезде тұрғын үйдегі, тұрғын
жайдағы үлесін қабылдап алуға міндеттенеді;

    – банк-агент үлескердің депозитін оған Қазақстан Республика-
сы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан төмен емес
сыйақы ставкасын есептей отырып, банк шоты шартының талаптары-
мен қабылдауға міндеттенеді.

    Үлескер тұрғын үйдегі, әлде тұрғын жайдағы үлесін алғаннан
кейін банк-агент ақшаны үлескердің депозитінен жобалау компаниясы-
на аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге
қайтарып береді.

    Банк-агенттің жобалау компаниясына, үлескерлердің тартылған
ақшасы шегінде беретін, банк қарызы бойынша сыйақы ставкасы,
үлескердің депозиті бойынша сыйақы ставкасының, банк-агенттің
қарызға қызмет көрсету шығыстарының, қарыз берумен байланысты
міндетті талаптар мен төлемдер жөніндегі шығыстардың және салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі
шығыстардың жиынтық мөлшерінен аспайтын көлемде ғана төлейді.

    Құрылыс салушы және жобалау компаниясы, тұрғын үй
құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт жасасу мақсатында өтiнiш
жасаған тұлғаға, танысу үшiн, объектiлердiң орналасқан жерi, оларды
пайдалануға беру мерзiмдерiн, соңғы үш жыл iшiнде іске асқан тұрғын
жайлар құрылысының жобалары туралы және тұрғын үй құрылысында
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруының соңғы жылындағы аудиторлық
қорытындысы туралы және басқалай ақпаратты танысуға ұсынады.
Осы деректермен қатар, құрылыс объектiсi туралы мәлімет және жер
учаскесiне тиiстi құқығын растайтын құжаттарды ұсынады.

    Құрылыс объектiсi туралы мәлімет:

           54

⇐ МАЗМҰНЫ
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59