Page 51 - indexf
P. 51

5-тарау. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру

5.1 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу

    Қазақстан Республикасында тұрғын жайлардың құрылысына
үлестiк қатысуы үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын тар-
ту есебінен олардың құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке
байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, сондай-ақ тұрғын үй
құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiгiн белгiлейтiн «Тұрғын үй
құрылысына үлестiк қатысу туралы» заң 2006 жылы 7 шілдеде қабыл-
данды.

    Осы Заң мемлекеттік сатып алуды және мемлекет қатысатын компа-
ниялар тұрғын үйдің жүз пайызын сатып алу бойынша жүргізетін және
екінші деңгейдегі банктер ашық кредиттік желі негізінде жүз пайыз
қаржыландыруды жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, тұрғын
үй құрылысындағы үлестік қатысуға жататын барлық қатынастарға
қолданылады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына
үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлейді және жүзеге асырады. Бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт-
тарды есепке алу ережесі бекітілген. Халықтың тұрғын үй қажеттілігін
қамтамасыз ету мақсатында тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру
үшін үлескерлердің ақшасы тартылады.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
саласында:

    1) тұрғын жайды салу жөніндегі жобалау компанияларының қыз-
метіне мониторингті жүзеге асырады;

    2) жобалау компанияларынан қажетті материалдар мен құжаттарды
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
сұратады және алады;

    3) анықталған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына
үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы
нұсқамалар шығарады, сондай-ақ құрылыс салушылар мен жобалау
компанияларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды;

    4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда
жобалау компаниясына үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын

           51

⇐ МАЗМҰНЫ
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56