Page 53 - indexf
P. 53

төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты 2012 жылғы
31 тамыздағы №1128 қаулысымен бекітілген үлескерлердің ақшасын
тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі
қызметке лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

    Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен, тұрғын жайлар құрылысын
ұйымдастыру жөніндегі қызметке, лицензия екі кезеңде беріледі.
Бірінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар
құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия жобалау ком-
паниясы мынадай біліктілік талаптарын:

    1) жобалау компаниясына меншік құқығымен немесе жер пайдала-
ну құқығымен тиесілі жер учаскесінің бар екенін;

    2) құрылыстың нөлдік циклі сатысында сараптаманың оң қоры-
тындысымен қоса жобалау құжаттамасының бар екенін;

    3) нөлдік циклде құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге рұқ-
саттың бар екенін;

    4) банк-агентпен шарттың бар екенін;
    5) тұрғын жайды салу үшін тұрғын жай құрылысы құнының,
кемінде он бес проценті мөлшерінде немесе кемінде нөлдік циклдегі
құрылыс құнына баламалы мөлшерде өз капиталының бар екенін
растағанда алты айға дейінгі мерзімге беріледі.
    Екінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жай-
лар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия мынадай
біліктілік талаптары:
    1) құрылыс объектісі сараптаманың оң қорытындысымен қоса жо-
балау, жобалау-сметалық құжаттамасының бар екені;
    2) тұрғын жай құрылысының нөлдік циклінің аяқталғаны;
    3) банк-агентте үлескерлердің тұрғын үй құрылысына үлестік
қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, тұрғын жай құрылысы
құнының, кемінде он бес пайызы мөлшерінде депозиттерінің бар екені;
    4) құрылысты толық көлемде аяқтау үшін өз капиталының бар
екені не тұрғын жай құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайы-
зы мөлшерінде өз капиталының және инвестормен құрылысты аяқтау
үшін жеткілікті инвестициялар беру туралы келісімнің бар екені;
    5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында
инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйыммен шарттың бар екенi
расталған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды
пайдалануға қабылдау туралы актiсiне қол қойылғанға дейiнгi мерзiмге
берiледi.
    2009 жылғы 10 қарашадағы №1798 Қаулысы бойынша бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметі «Тұрғын үй құрылысына үлестік

қатысу туралы үлгі шарттына» сәйкес:

           53

⇐ МАЗМҰНЫ
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58