Page 57 - indexf
P. 57

5.2 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ
ақшасы

    Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнiң құқықтық
негiздерiн және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның
субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды реттейтін «Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000
жылғы 7 желтоқсандағы №110 заңы қабылданды. Бұл заң тұрғын үй
құрылысын мемлекеттiк ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және
нысандарын реттейдi. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі» акционерлік қоғамы қызметін Қазақстан Республикасы Өңірлік
даму министрлігі реттейді.

    «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 қаулысы бойынша,
жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Қазақстанның
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылған. Оның
негізгі мақсаты тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды
одан әрi жетілдіру мен оның тиімділiгiн арттыру және ипотекалық кре-
дит беру жүйесін дамыту болып табылады.

    Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасы Ұлт-
тық Банкінің лицензиясына сәйкес келесі негізгі қызмет түрлерін
жүзеге асырады:

    ●● тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар, депозиттер
         қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу;

    ●● тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды жүргізу
         үшін салымшыларға тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын
         ала тұрғын үй заемдарын беру.

    Заңның 6-бабы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
шарттың мазмұнына қойылатын талаптарға сай, тұрғын үй құрылысы
жинақ ақшасы туралы шартта мыналар болуға тиіс:

    ●● шарттың мәнi;
    ●● шарттық сома;
    ●● жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері;
    ●● салым бойынша сыйақы ставкасының және заем бойынша

         сыйақы ставкасының мөлшерлерi;
    ●● комиссиялық алымның мөлшері;
    ●● тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
    ●● тараптардың міндеттемелердi орындау мерзiмi;
    ●● тұрғын үй заемын берудің шарттары;
    ●● шартты өзгертудің талаптары мен бұзу тәртiбi;

           57

⇐ МАЗМҰНЫ
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62