Page 58 - indexf
P. 58

●● тараптардың жауапкершiлiгi;
    ●● Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге

         де шарттар.
    Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнің субъектiлерiне
    ●● тұрғын үй құрылысы жинақ банктері;
    ●● тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің салымшылары;  
    ●● республикалық бюджеттен мемлекеттiң сыйлықақыларын

         төлеудi қамтамасыз ететiн мемлекет жатады.
    Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымшылардың ақшасын
тартуға, оған есептелген мемлекеттің сыйлықақыларына және оларға
тұрғын үй заемдарын беруге негізделген, тұрғын үй жағдайын
жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың тұйықталған
жүйесі тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі деп аталынады.
    Мемлекеттің сыйақысы дегеніміз – бұл республикалық бюджеттен
жыл сайын бөлінетін және жыл қорытындылары бойынша салымның
жинақталған сомасына есептелетін ақша және тұрғын үй құрылысы
жинақ банкінің сыйақысы.
    Салым бойынша сыйақы ставкасы, бұл тұрғын үй құрылысы жинақ
банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жыл қорытындылары бойынша
салымның іс жүзінде жинақталған қалдығына тұрғын үй құрылысы
жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ
банкі есептейтін пайыздық ставка болып табылады. Салым бойынша
сыйақы ставкаларын және өзге де жинақтау мен кредит беру талаптары
банктің тарифтік бағдарламасына сай жүргізіледі. Тарифтік бағдарлама
банктің комиссиялық алымдарының мөлшерін айқындайтын құжат бо-
лып есептеледі. 
    Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасу бойынша
көрсеткен қызметі үшін, тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне салымшы
төлейтін ақша комиссиялық алым деп аталынады.
    Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасында тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiне ғана са-
лынып, жинақталады. Шарттық соманың ең төменгі мөлшері, тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерi шарттық соманың
елу пайызынан кем болмауға тиiс. Салым бойынша сыйақы ставка-
сы мен заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлері тұрғын үй
құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасу кезiнде белгіленедi
және шарт қолданылатын бүкiл мерзiмде тұрақты болып қалады.
    Салымшы өз бастамасымен бір тарифтiк бағдарламадан

           58

⇐ МАЗМҰНЫ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63