Page 56 - indexf
P. 56

бір бөлігін және тұрғын үй-жайдың салыну жоспарларын,
         қабаттылығын шартқа міндетті түрде қоса тіркеу; 
    ■■ үлескерге тұрғын үйдегі, тұрғын жайдағы үлесін берудің шарт-
         та көзделген мерзімін жобалау компаниясы бұзған жағдайда,
         тұрақсыздық айыбының, өсімпұлдың мөлшерін көрсету;
    ■■ үлескер шартта белгіленген төлемді енгізу мерзімін бұзған
         жағдайда, тұрақсыздық айыбының, өсімпұлдың мөлшерін
         көрсету;
    ■■ үлескердің ақшасын банк-агенттің жобалау компаниясына беру
         тәртібі мен мерзімдері;
    ■■ банк шотының шарты бойынша үлескер депозитінде тұрғын үй
         құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасының кемінде он
         бес пайызы мөлшерінде бастапқы жарнасының болу қажеттігі
         туралы көрсету болып табылады.
    Егер шартта осы көзделген талаптар болмаған жағдайда, шарт
есепке қойылмайды. Тұрғын жайға берілетін кепілдіктің мерзімі
құрылыс объектісі пайдалануға қабылданған күннен бастап екі жыл-
дан кем болмайды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
шарт жасасқан үлескер, шарттың бағасын, шарттың талабына сай
толық көлемінде төлесе, тұрғын жайдың жалпы алаңының 1 шаршы
метрі үшін келісілген баға одан әрі өзгеріссіз қалпында қалдырылады.
    Жобалау компаниясы үлескерлердің ақшасын тарту есебінен
тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицен-
зияны бірінші кезеңде алғаннан кейін ғана, құрылыс салушы, жо-
балау компаниясы, үлескер және банк-агент тұрғын үй құрылысына
үлестік қатысу туралы шарт жасасады.
    Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт, оған
енгiзiлетiн өзгерiстер және толықтырулар, сондай-ақ шарт бойынша
талап ету құқығын басқаға беру жағдайлары, салынатын тұрғын жай
орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органында есепке алынады.
    Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың құрамына
жоғарыда аталған жағдайлардан басқа:
    √√ міндеттемелердің орындалуы;
    √√ шартты өзгерту және бұзу мәселелері;
    √√ тұрғын үйдегі, тұрғын жайдағы үлесті беру міндеттері;
    √√ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша
         тараптардың жауапкершілігін қарастырады.

           56

⇐ МАЗМҰНЫ
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61