Page 71 - indexf
P. 71

даму деңгейін және жобадан күтілетін экономикалық тиімділікті
         бағалау;
    –– жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан жағдайы
         мен болашағын бағалау; Сонымен бірге, жобаны, неғұрлым
         экономикалық жағынан тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін
         туғызатын аймақты немесе жобаны жүзеге асыратын орын-
         ды бағалау. Осы, жоғарыда көрсетілген кезеңдер жүзеге
         асырылғаннан кейін, аталған жобаны орындаудың мүмкіндігі
         мен мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылданады. Содан
         соң, оны жүзеге асыру мақсатында тиісті мемлекеттік және
         жергілікті атқарушы органдарға тапсырыс жасалады.
    Екінші кезең, жобаны іске асыру жағдайларын анықтау және оны
орындау үшін бизнес жоспарға қажет келесі жұмыстардан тұрады:
    –– инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктерін анықтау;
    –– жобаны жүзеге асыруға қажет және оның тиімділігін қамтама-
         сыз ететін біртұтас шығындарды анықтау;
    –– аталған инвестициялық жобамен тікелей байланысты жылжы-
         майтын мүлік, қаржы-қаражат, мердігерлік нарықтарға толық
         жете талдау жасау;
    –– мүмкін болатын қаржыландыру көздерін анықтау, олар – өзіне
         меншікті қаражат, қарыз, несие қаражаттары, тартылған инвес-
         тициялар және т.б.;
    –– тиісті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан
         рұқсат алу және ұйғарылған жобаны жүзеге асыру үшін қажет
         қоғамдық көзқарасты қалыптастыру мақсатында жарнама
         жұмыстарын жүргізу;
    –– жер учаскесін жалға алу немесе сатып алу жағдайларын келісу.
    Үшінші кезең, қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз ету үшін
нақты әрекеттерді болжайтын жылжымайтын мүлік девелопментін,
яғни жылжымайтын мүлікті дамыту жобасын іске асыру. Ол келесі
мәселелерді қамтиды:
    –– құнды қағаздарды шығару және оны бағалы қағаздар нарығында
         өткізу, жобаны жүзеге асыруға бағытталған акционерлік
         қоғамның акциялары, сәйкестендірілген қаржы институттары-
         нан несие алу және т.б.;
    –– инвестициялық жобаны жасау және заттық күйінде іске асыру
         мақсатында жобалық және мердігерлік құрылыс ұйымдарын
         жобаға тарту, келісімшарттар жасау;
    –– қаржыландыруды ұйымдастыру, құрылысты материалдық
         жағынан қамтамасыз ету және жұмыс барысын бақылау;

           71

⇐ МАЗМҰНЫ
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76